"Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11405 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қазандағы № 130 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 02.10.2026 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі";

      11 және 32-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова