Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-308/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін, 2017 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енетін, осы бұйрықпен бекітілген, Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық ету қағидаларының 4-тармағын қоспағанда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 360 бұйрығымен бекітілді |
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.05.2020 № ҚР ДСМ-50/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 118) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайтыс болғаннан кейін транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындайды.
2. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру медициналық–санитариялық алғашқы көмек ұйымының жауапты қызметкерінің қайтыс болғаннан кейін өзінің тіндерін (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында өтеусіз ерікті түрде беруге өзінің келісімін, келісімін қайтарып алуды (бас тартуын) мәлімдеген тұлға туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БХТ) енгізуі арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) өтініш беруші (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) - қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында ерікті түрде беруге келісім немесе келісімді қайтарып алу (бас тарту) құқығын іске асыруға ниет білдірген, кәмелет жасқа толған және іс-әрекетке қабілетті адам;
3) Тіркелім – "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіндегі қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар донорлығына келісім/келісімді қайтарып алу (бас тарту) тіркелімі;
4) МСАК – медициналық–санитариялық алғашқы көмек ұйымы.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің БХТ мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілген мәліметтер құпиялы ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаға берілмейді.
2-тарау. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібі
5. "Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызметі медициналық–санитариялық алғашқы көмекті ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушы МСАК ұйымына БХТ бекіту орны бойынша жүгінеді және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді, келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу үшін өтініш толтырады.
6. Процестің сипаттамаларын, көрсету нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын, мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметте келтірілген.
7. МСАК ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен өтініштерді қабылдау, Тіркелімде тіркеу және тіркеу туралы анықтамалар беру үшін жауапты қызметкерді бекітеді.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының БХТ-ға тіркелгенін растаған және дербес деректері сәйкес келген жағдайында МСАК ұйымының жауапты адамы Тіркелімге мынадай мәліметтерді енгізеді:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
2) өтініштің электрондық көшірмесі (сканерленген құжат).
9. Тіркелімде көрсетілетін қызметті алушының мынадай өтініштері тіркеледі:
1) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісім туралы;
2) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алу (бас тарту) туралы.
10. Мәліметтерді Тіркелімге енгізуден кейін МСАК ұйымының жауапты қызметкері 1 жұмыс күнінің ішінде ұйымының мөрімен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша МСАК басшысының және жауапты қызметкерінің қолы қойылған, қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді, келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу туралы сәйкес анықтаманы береді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, МСАК ұйымының жауапты қызметкері осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен белгіленеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей көрсетушінің атына тікелей келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеу жағдайында көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібінде шағым келтіре алады.
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде, ерікті түрде беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді тіркеуге арналған өтініш
Мен,______________________________________________________________________
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні "___" ____________ ___________
ЖСН_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың №, кіммен және қашан берілген)
Төмендегі мүмкін нұсқалардың біреуін таңдаңыз: |
1. Менің қайтыс болғандығым туралы факті белгіленген жағдайда кез келген ішкі ағзаларым және тіндерім транспланттау үшін алынуы мүмкін екенін растаймын. |
2. Төмендегілерден басқа, барлық ағзаларымды алуға болады: |
жүрек ______________________________ |
бауыр ______________________________ |
бүйрек ______________________________ |
ұйқы безі ______________________________ |
өкпе______________________________ |
көз алмалары ______________________________ |
тіндер (тері, бұлшық еттер, шеміршек, сүйек тіні, қан жүретін тамыр) |
3. Тек қана мына ағзалар мен тіндерді алуға болады: |
жүрек ______________________________ |
бауыр ______________________________ |
бүйрек ______________________________ |
ұйқы безі ______________________________ |
өкпе ______________________________ |
көз алмалары ______________________________ |
тіндер (тері, бұлшық еттер, шеміршек, сүйек тіні, қан жүретін тамыр) |
Дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
______________________________________________ /______________/
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
20____жылғы "____" _____________
Қол қойылған күні
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде, ерікті түрде беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеуге арналған өтініш
Мен,______________________________________________________________________
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні "___" _________ _____
ЖСН _____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың №, кім және қашан берілген)
Мен ертеде өзім берген қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып аламын (бас тартамын).
Дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
____________________________________________________/___________/
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
20______жылғы "___" _____________
Қол қойылған күні
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде, ерікті түрде беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
"Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Көрсетілетін қызметті беруші арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1 жұмыс күнінің ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді тіркеу туралы анықтама; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасы еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00 бастап 20.00 дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00 бастап 14.00 дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) жеке басты куәландыратын құжат, сәйкестендіру үшін; |
9 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері | мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы. |
10 | Оның ішінде, электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін қызмет көрсету жағдайлары (пандустар мен лифттер) қарастырылған. |
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді тіркеу туралы анықтама
Құрметті _____________________________________________
Сіздің қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісім туралы өтінішіңіз тіркелді.
Тіркелген күні: 20__ жылғы "___" ____________.
МСАК жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________________ қолы /__________/
МСАК ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)
_____________________________________________ қолы /__________/
МСАК ұйымының мөрі
Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу туралы анықтама
Құрметті ____________________________________________
Сіздің қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алу (бас тарту) туралы өтінішіңіз тіркелді.
Тіркелген күні: 20____ жылғы "___" ____________.
МСАК жауапты адамының тегі, аты, әкісінің аты(болған жағдайда)
_____________________________________________ қолы /__________/
МСАК ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)
_____________________________________________ қолы /__________/
МСАК ұйымының мөрі