Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11209 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа:

      1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

      3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны;

      4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Туризмнiң ұйымдық нысандары:

      1) халықаралық туризм ____________________________________________.

      (келу және/немесе шығу туризмін көрсету)

      2) ішкі туризм ____________________________________________________.

      2. Кеңсенің орналасқан жері ________________________________________.

      (мекен-жайды көрсету)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір

      _______________________________________________________.

      2. Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері)

____________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2021 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір___________________________

      ____________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қызметтерді көрсететін өңір___________________________________.

      2. Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі____________________.