"Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11187 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-130/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.10.2020 № ҚР ДСМ-130/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 25-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 5906 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 2 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және оны өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аттестаттауға:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары және олардың орынбасарлары;

      2) ведомстволық бағынысты уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) жатады.

      3. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы (бұдан әрі - жергілікті мемлекеттік орган) аттестаттау комиссияларын құрады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары мен орынбасарларына аттестаттау өткізу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ведомстволық бағынысты уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына және олардың орынбасарларына, филиалдардың басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына аттестаттау өткізу тәртібі";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ведомстволық бағынысты уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары үшін тестілеу және әңгімелесу өткізудің тәртібі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларына тестілеу және әңгімелесу өткізу тәртібіне ұқсас.";

      осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3 және 4-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 258 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы: индекс, қала, көше, үй)

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның деректемелері)

      ________________________

      (күні)

Қызметтік мінездеме

      ______________________________ _____________________________ ұйымында

      Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (ұйымның атауы)

      ___________________лауазымында _________________бастап жұмыс істейді.

      (лауазымының атауы) (жұмысқа орналасқан күні)

      Кәсіби және жеке тұлғалық құзыреттерін бағалау:

Құзыреттер

Балдары (0-5)

1

Қызмет этикасын сақтауы


2

Жауапкершілігі және орындаушылығы


3

Бастамашылдығы


4

Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті


5

Мемлекеттік тілді білуі


6

Коммуникативтілігі және командада жұмыс істеуі


7

Аттестатталатын адамды сипаттайтын басқа да мәліметтер



      Ұйым қызметінің нәтижелерін, оның нысаналы индикаторларға (салалық

      және өңірлік салалық бағдарламалардың, ұйымның даму жоспарының,

      меморандумның және т.с.) қол жеткізуін бағалау:

р\с №

Құжаттың, іс-шараның атауы

Индикатордың атауы

Бағалау (қол жеткізілмеген - 1, ішінара қол жеткізілген - 2, қол жеткізілген - 3)

1.




2.




3.





      Басшы ______________________/________________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Мінездемемен таныстым: _____________/________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Мінездемемен келіспеген жағдайдағы негіздеме:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ескерту: Аттестатталатын адам бір жұмыс күні ішінде мінездемемен таныстырылады. Келіспеген жағдайда, Аттестатталатын адам осы мінездемемен келіспеу себептерінің жазбаша негіздемесін келтіруге құқылы.

      Мыналардың іске асырылуын көрсететін 10-20 индикаторларды көрсету:

      1) медициналық ұйымдардың басшылары үшін – ұйымның даму жоспарының, ұйымның бизнес-жоспарының және уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі немесе жергілікті атқарушы орган) мен ұйым арасында жасалған меморандумдардың;

      2) мемлекеттік басқару органдарының басшылары үшін – стратегиялық жоспарлардың, өңірлік және салалық бағдарламалар.

      Аттестатталатын адамның кәсіби және жеке тұлғалық құзыреттерін бағалау жөніндегі кестеде оның қызметіне сипаттама беріледі. Қызметі 4 балдық шкала бойынша бағаланады: 5 – өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – қанағаттанарлықсыз.

      Қызмет этикасының сақталуы

      5 – жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзінің тәртібін сақтау дәрежесі жоғары.

      4 – еңбек және орындаушылық тәртіп талаптарын сақтайды, тапсырылған барлық жұмысты адал орындауға тырысады.

      3 – еңбек және орындаушылық тәртіптің бұзылуына жол береді, тапсырылған жұмысты орындауға ерекше зейін салып қарамайды.

      2 – еңбек және орындаушылық тәртібін жиі бұзады, жұмыста жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол береді.

      Жауапкершілігі мен орындаушылығы

      5 – жұмысты сапалы, негізінен қатесіз орындайды, орындаған жұмысының мазмұнына сай ақпаратты сауатты баяндай алады. Қарауындағы уақыт пен ресурстарды пайдалана отырып, басым мақсаттарды белгілей алады.

      4 – жұмыс сапасы қойылатын талаптарға сай келеді, қателіктер сирек кездеседі. Өз жұмысын жоспарлай және жұмыс уақытын тиімді пайдалана алады.

      3 – қателіктер жиі кездеседі, жұмысының нәтижелері тексеру мен түзетуді қажет етеді. Өз жұмысын жоспарлауда және жұмыс уақытын пайдалануда қиындықтар орын алады.

      2 – жұмыс сапасы төмен, жұмыс нәтижелері үнемі елеулі түрде қайта қаралады. Жұмысын жоспарлай алмайды.

      Бастамашылдығы

      5 – өз жұмысында бастамашыл және қосымша жүктемелерді орындайды, мәселелерді шешудің жаңа тәжірибелерін, әдістерін зерделейді және қолданады. Қиын жағдайларда олардың шешімдерін таба алады.

      4 – қосымша тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауға дайын, өз жұмысын бағалайды және оны жақсартуға тырысады. Ағымдағы жұмыс мәселелерін өз бетінше шеше алады.

      3 – бастамашылық көрсетпейді, қосымша тапсырмаларды орындауға тырыспайды, көп жағдайларда мәселелерді басқалардың шешуін күтеді. Қарапайым тапсырмаларды ғана өз бетінше орындай алады.

      2 – жұмысқа мүдделілік танытпайды, енжар, басшының нұсқауынсыз әрекет ете алмайды.

      Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті

      5 – қойылған міндеттермен өз бетімен және тиімді жұмыс істей алады. Функционалдық қызмет саласын жетілдіру мен дамытуға қызметкерлерді үнемі бағыттап отырады. Балама әрекет нұсқалары белгісіз не күмәнді болған жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдауға қабілетті.

      4 – жүктелген міндеттерді сапалы орындайды, ағымдағы қызметтің тиімділігін арттыруға қызметкерлерді үнемі бағыттап отырады. Қиын жағдайларда уақтылы шешім қабылдауға, жауапкершілікті өзіне алуға қабілетті.

      3 – жұмысты ұйымдастыруы жүктелген фунционалдық міндеттерді, тапсырмалар мен іс-шараларды толық және уақтылы орындауына барлық кезде мүмкіндік бермейді. Жұмыстағы кемшіліктерді баяу түзетеді. Мәселелерді шешу кезінде жиі уақыты жетпей қалады.

      2 – жұмысында елеулі қателіктер орын алады, мәселелерді шешу бойынша дағдылары жеткіліксіз, қиын жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға және жауапкершілікті алуға қабілетсіз.

      Мемлекеттік тілді білуі

      5 – еркін жазады және оқиды. Сөздік қоры мол. Ауызша сөздерді түсінеді және ақпаратты дұрыс қабылдайды. Адамдармен еркін сөйлесе алады.

      4 – сөйлем құрудың қарапайым құрылымдарын пайдалана отырып, адамдармен сөйлескенде жеңіл түсініседі. Адамдар оның айтқанын түсінеді. Сөздік қоры шектеулі, бірақ ол сөздік қорын тікелей қарым-қатынас процесінде толықтыра алады.

      3 – кейбір сөздері ғана түсінеді, кез келген тақырып бойынша әңгімелесуге қиналады. Сөйлегенде көптеген қателіктерге жол береді.

      2 – мемлекеттік тілді мүлдем білмейді.

      Коммуникативтілігі мен командадағы жұмысы

      5 – басқа қызметкерлермен ынтымақтаса отырып, тиімді жұмыс істейді, өз білімімен және тәжірибесімен бөліседі.

      4 – өз қызметін басқалармен үйлестіре алады, іскери ынтымақтастыққа дайындығын көрсете біледі, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі.

      3 – тек өзінің функциялары мен міндеттеріне баса назар аударады, іскери ынтымақтастықтан жалтарады, команданы қолдауға ынта білдірмейді.

      2 – басқа қызметкерлермен ынтымақтастыққа ұмтылмайды, командалық жұмысқа қатысудан бас тартады. Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын қосымша мәліметтер көрсетіледі. Бұл деректер еркін нысанда көрсетіледі, бал қойылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 258 бұйрығына
2-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Аттестаттау парағы

      Аттестатталатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Туған күні __________________________________________________________

      Білімі туралы мәліметтер ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (соңғы 3 жылдағы) ____________

      _____________________________________________________________________

      Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілген) күні

      _____________________________________________________________________

      Жалпы еңбек өтілі ___________________________________________________

      Осы лауазымдағы жұмыс өтілі _________________________________________

      Біліктілік санатын беру туралы немесе онсыз маман сертификатының

      болуы _______________________________________________________________

      Тестілеу нәтижелері __________%

      Отырысқа аттестаттау комиссиясының _________________ мүшелері қатысты

      Дауыстар саны:

      ________ "атқаратын лауазымына сәйкес келеді/аттестатталды"

      ________ "қайта әңгімелесуге жатады"

      ________ "атқаратын лауазымына сәйкес келмейді/аттестатталмады"

      Аттестаттау комиссиясының шешімі

      _____________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы __________________________________

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы ___________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _________________________________

      _________________________________

      _________________________________

      Аттестаттау өткізілген күні 20__ жылғы "__" _________________________

      аттестаттау парағымен таныстым ______________________________________

      (аттестатталатын адамның қолы және күні)

      Мөрдің орны

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 258 бұйрығына
3-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ұйымның ____________ жылдардағы (соңғы 3 жыл)
қызметі туралы есептің құрылымы

      1. Жалпы мәліметтер

      Ұйымның толық атауы

      Заңды мекенжайы және орналасқан жері

      Ұйымдық құрылымы

      Аккредиттеу (болған жағдайда)

      Жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары

      Басқа ақпарат

      Штат саны және кадр құрамын талдау

      2. Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау

      Қаржылық жай-күйі және қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері

      Соңғы 3 жылға қаржылық көрсеткіштер

      3. Стратегиялық даму бағыттары

      Миссиясы, пайымы, міндеттері, дамудың стратегиялық бағыттары

      4. Қызметтің негізгі бағыттары бойынша есеп

      Бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы есеп

      Стационарлар үшін төсек қорын пайдаланудың тиімділігі, стационарлық көмекті тұтыну деңгейі, шектелген төлемді, қаржы-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты енгізу туралы есеп

      Медициналық-санитарлық алғашқы көмек үшін – ақы төлеуге әсер ететін индикаторлар, жан басына шаққандағы нормативке ынталандырушы компонент

      5. Жұмыс жоспары

      Келесі есепті кезеңге жоспарлы іс-шаралар

      Келесі есепті кезеңге қызметтің жоспарлы көрсеткіштері

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 258 бұйрығына
4-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Аттестатталатын адамның жеке әңгімелесуін бағалау парағы

      _____________________________________________________________________

      (аттестатталатын адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _________________________________________________________ лауазымында

      (лауазымының атауы)

Критерийлер

Критерийге сәйкес келмейді (0 бал)

Ішінара сәйкес келеді (1 бал)

Сәйкес келеді (2 бал)

1) Мазмұны

1

Презентация есепті кезең үшін ұйымның қызметі туралы есептің құрылымына сәйкес келеді




2

Индикаторлар міндетті түрде түсіндірілген салыстырмалы деректер динамикасы (өткен жылдың ұқсас кезеңімен) ұйымның қызметі туралы есебінде көрсетілген




3

Қызметтің ұсынылған стратегиялық бағыттары саланың мақсаттары мен міндеттеріне және халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келеді




2) Регламент және материалды баяндау

4

Слайдтар саны сөз сөйлеу мазмұнына және ұзақтығына сәйкес келеді (10 минуттық сөз сөйлеу үшін 10 слайдтан артық қолданбау ұсынылды)




5

Аттестатталатын адам мазмұнды еркін игерген, сұрақтар мен ескертулерге еркін және құзыретті түрде жауап береді




3) Материалдардың көрнекілігі

6

Иллюстрациялардың сапасы жақсы, тақырыпты мейлінше толық ашуға көмектеседі, мазмұннан көңілді аудартпайды, ақпараттың көрнекі құралдары қолданылған (кестелер, сызбанұсқалар, графика, т.б)




Жиынтық баға



      Бағалау нысаны:

Бағасы

Балдар

Өте жақсы

8-12

Қанағаттанарлық

5-7

Қанағаттанарлықсыз

0-4


      Конкурстық комиссия мүшесінің ұсынысы

      1. атқаратын лауазымына сәйкес келеді/аттестатталды;

      2. қайта әңгімелесуге жатады;

      3. атқаратын лауазымына сәйкес келмейді/аттестатталмады.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қысқаша комментарий)

      _________________________________________ _______________

      Аттестаттау комиссия мүшесінің Т.А.Ә. қолы

      (ол болған жағдайда)

      20 жылғы "_____" ______________