"Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріст

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11085 тіркелді

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 556-559 (26402) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасында:
      23 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдалыналады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
      2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi - ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
      4) дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары мал иелерінің талап етуі бойынша дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер.
      3. Деректер базасынның жұмыс істеуі тиісті ақпараттық жүйе аясында жүзеге асырылады.
      8. Ведомство деректер базасын жануарлардың орнын ауыстыру, жануарлар иелерінің бірдейлендіру нөмірлерін берілуін және қолданылуын, деректер базасының мағлұматының толықтығын және нақтылығын қадағалау мақсатында қолданады.»;
      11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;
      1314 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес нысан бойынша жасалған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туаралы ведомостың негізінде, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды дерекқорға енгізуді жүзеге асырады.
      14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді жіберуге байланыс болмаған немесе кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, ветеринария саласындағы маман енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпарат тасымалдаушыға түсіреді, сонымен қатар деректерді мұрағаттау мақсатында және деректерді дерекқорға жүктеуді қамтамасыз етеді.
      15. Мал иесінің талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ветеринария саласындағы маман дерекқордан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінді көшірме шығарып береді, көшірме бір данада шығарылады, ветеринария саласындағы маманның лауазымын көрсете отырып, қолымен, ұйымның мөрімен расталады.»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі 
№ 7-1/350 бұйрығына   
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 2 маусымдағы 
№ 367 бұйрығына     
1-қосымша       

Нысан/Форма

______________________________________
______________________________________
(тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті
атқарушы органы құрған мемлекеттік       
ветеринариялық ұйымның атауы/наименование   
государственной ветеринарной организации,   
созданной местными исполнительными органами, 
соответствующей административно-территориальной
единицы)                   
______________________________________
______________________________________
(мал иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
немесе заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН/фамилия,
имя, отчество (при наличии) владельца животного
или наименование юридического лица, ИИН/БИН)

Өтініш/Заявление

      Сізден ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан келесі жануарға жануардың жеке нөмірін көрсете отырып үзінді көшірме беруіңізді сұраймын/Прошу Вас предоставить выписку из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных на следующие животные с указанием индивидуального номера животного:
      _____________________________________
      _____________________________________

_____________________________________
(мал иесінің қолы/подпись владельца животного)
_____________________________________
(толтырылған күні/дата заполнения)    

*мал иесінің өтініші өз қолымен толтырылады/заявление владельца
животного заполняется собственноручно

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі 
№ 7-1/350 бұйрығына   
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 2 маусымдағы 
№ 367 бұйрығына     
2-қосымша       

Нысан/Форма

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі
дерекқордан ________ күніне үзінді көшірме/
Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных
животных на дату______

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы/Нименовние области, города республиканского значения, столицы


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы/Наименовние района (города областного значения)


Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтің атауы/Наименование города районного значения, поселка, села, сельского округа


Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды тұлғаның атауы/фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца или наименование юридического лица, которому принадлежат сельскохозяйственные животные:


ЖСН/БСН/ИИН/БИН


р.с № / п.п
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖЖН/ИНЖ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мәліметтердің атаулары/
Наименование сведений

Мәліметтер/
Сведения

Диагностикалық іс-шара/
Диагностические мероприятия

Вакцинациялау/
Вакцинация

Зерттеу түрі/
Вид исследования

Зерттеу күні/
Дата исследования

Аурудың атауы/
Наименвоание болезни

Зерттеу нәтижесі/
Результата исследования

Иммундеу күні/
Дата иммунизации

Наименвоание болезни


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Жануардың түрі/ Вид животного








Туылған күні/Дата рождения


Жануардың жынысы/Пол животного


Тұқымы/Порода


Егер асыл тұқымды жануар болса/если племенное животное


Әке-енесі туралы деректер/Данные о родителях


Есепке қою күні және себебі/Дата и причина постановки на учет


Есептен шығару күні және себебі/Дата и Причина снятия с учета


Импортталған/Импортировано


Кепілде тұруы/Находится в залоге


Бірдейлендіру әдісі/Метод идентификации


















Берілген күні/Дата выдачи:

М.О./М.П.
(Үзінді көшірмені берген
мемлекетік ветеринариялық ұйымының мөрі/
печать государственой ветеринарной
организации, выдавшей выписку)
_____________________________________________________________________
(Үзінді көшірмені берген маманның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
                         (бар болса), қолы/
фамилия, имя, отчество (при наличии), должность, подпись выдавшего
                               выписку)