"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11071 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10158 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтары:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-1 жолымен толықтырылсын:

"

229-1

ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Наурызбай ауданы бойынша МКБ

6011

".


      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрінің


міндетін атқарушы

Р. Бекетаев