Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмен

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11034 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 19-бабының 18 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 7 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________________ В. Школьник

      2015 жылғы 3 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген

Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі
өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің
технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды
барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су
деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат
беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жер асты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар жеке немесе заңды тұлғаға тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындайды.

      Осы Қағидалар жер қойнаудың пайдалануды келісімшартында жасалған жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды.

      2. Ахуалдық схема ретінде тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру үшін тағайындалған ұңғымалардың орналасқан орындарын және шекараларын айқындау мақсатында рұқсатқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің графикалық орналасу бейнесі ұғынылады.

      Осы Қағидаларда басқа ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады.

      3. Рұқсат тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруді жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

      4. Рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге беріледі, бұл ретте осы мерзім жер қойнауы пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

2. Рұқсат беру тәртібі

      5. Жер қойнауын пайдаланушы рұқсат алу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беріледі:

      1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі - заңды тұлға үшін түпнұсқаны не нотариалды куәландырылған көшірмені көрсеткен кезде;

      2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі - жеке тұлға үшін түпнұсқаны не нотариалды куәландырылған көшірмені көрсеткенде;

      3) жерасты сулары қорларының мемлекеттік сараптамалық қорытындысы және жерасты сулары объектілері туралы геологиялық ақпарат;

      4) рұқсатқа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын пайдалану шарттары туралы мәліметтер;

      5) ахуалдық схема.

      6. Уәкілетті орган Рұқсат беруге өтініш қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді.

      7. Рұқсат екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екінші данасы уәкілетті органда сақталады.

      8. Рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      9. Рұқсатты жоғалтқан, бүлдірген кезде жер қойнауын пайдаланушы рұқсаттың телнұсқасын ала алады.

      Жоғалған, бүлінген рұқсаттың бланкілері жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде өтініш берген (рұқсаттың жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отыпып) күннен бастап жарамсыз деп саналады.

      Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және оң жақтағы жоғарғы бұрышта "Телнұсқа" деген жазбамен рұқсаттың телнұсқасын беруді жүргізеді.

  Тәулігіне екі мың текше метр және
одан да көп көлеміндегі өндірістік-
техникалық жерасты суларын пайдалы
қазбаны өндірудің технологиялық
схемасына сәйкес қаттарға айдау
үшін оларды барлау мен өндіруге не
тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде
су деңгейін төмендету мақсатында
жерасты суларын өндіруге рұқсат
беру қағидасына 1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы инвестициялар

      және даму министрлігі Геология және

      жер қойнауын пайдалану комитеті



Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлеміндегі
өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің
технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды
барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су
деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге
РҰҚСАТ

      _____________________________________________________________________

      (кімге)

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану мақсаты)

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану объектісі)

      _______________________________________________________ үшін берілді.

      (жер қойнауын пайдаланудың түрі)

      20___ жылғы "___" ____________ ГЖҚПК сериясы №_________

      (АД сериясы №___)

      Комитет төрағасы

      (АБ басшысы) ________________________ ____________________

      (қолы) Т.А.Ә.А.

      М.О.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі

      20___ жылғы "___" _______ дейін ұзартылды _________ _________

      (қолы) Т.А.Ә.А.

      М.О.

  Тәулігіне екі мың текше метр және
одан да көп көлеміндегі өндірістік-
техникалық жерасты суларын пайдалы
қазбаны өндірудің технологиялық
схемасына сәйкес қаттарға айдау
үшін оларды барлау мен өндіруге не
тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде
су деңгейін төмендету мақсатында
жерасты суларын өндіруге арналған
рұқсатқа 1-қосымша

АХУАЛДЫҚ СХЕМА
масштабы (қоса беріліп отыр)

      Бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары (қажет болған

      жағдайда тік бұрышты координаттарда) белгіленген.

нүктелердің

№№

Координаттар

бойлық

ендік





      сондай-ақ тігінен келетін бөліністерде ______________________________

      (су тұтқыш горизонтың тереңдігі мен қуаты, стратиграфиялық индексі

      және т.б.)

      Бұрыштық нүктелермен ахуалдық схемада белгіленген жер бөлу

      алаңы ____________________________________ гектарды (км2) құрайды.

  Тәулігіне екі мың текше метр және
одан да көп көлеміндегі өндірістік-
техникалық жерасты суларын пайдалы
қазбаны өндірудің технологиялық
схемасына сәйкес қаттарға айдау
үшін оларды барлау мен өндіруге не
тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде
су деңгейін төмендету мақсатында
жерасты суларын өндіруге арналған
рұқсатқа 2-қосымша

ЖЕР ҚОЙНАУЫ УЧАСКЕСІ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

      1. Жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:

      1) тұрғылықты жері (заңды және жеке тұлға үшін) _______________

      2) мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке куәлігінің деректері (жеке тұлға үшін) ________________________;

      3) басшы (заңды тұлға үшін) _________________________________;

      4) қызметтің негізгі түрі ____________________________________.

      2. Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің сипаттамасы мен ерекшеліктері:

      1) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) атауы және геологиялық-морфологиялық байланысуы __________________;

      2) пайдалану мақсаты ______________________________;

      3) өнімді сутұтқыш горизонтың атауы немесе құрғатылатын сулы горизонт _________________________________________________________;

      4) объектіні пайдалану тәжірибесі және су жинағы немесе су деңгейін төмендетуші (дренаждық) құрылыс туралы мәліметтер __________________;

      5) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) сандық және сапалық көрсеткіштері ________________________.

      3. Кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) кеңістік шекаралары ______________________________.

      4. Рұқсаттың қолданылу мерзімі (басталуы-аяқталуы) _______________.

      5. Рұқсат мерзімін ұзарту шарттары _____________________.

      6. Жұмыс бағдарламасы және кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалану не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру жобасын келісуге ұсынудың және жұмыстардың басталу мерзімдері __________________________.

      7. Жер қойнауын пайдаланудың міндетті шарттары:

      1) барлау __________________________________;

      2) жерасты суларын өндіру (млн./м3 жыл, мың./м3 тәу., л/с) ________________;

      3) су жинау немесе судың деңгейін төмендету (дренаждық) құрылысының типі (ұңғылар және т.б.) және олардың арасындағы қашықтық (м) ________________________________________________;

      4) пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың, судың деңгейін төмендету (дренаждық) құрылыстардың саны __________________________;

      5) су көтергіш немесе судың деңгейін төмендету (дренаждық) жабдықтарының типі мен өнімділігі __________________;

      6) бір ұңғыма немесе ұңғымалар тобына, судың деңгейін төмендету (дренаждық) құрылыстарына жүктеме (ең төмен, ең жоғары (млн./м3 жыл, мың.м3/тәу., л/с) ____________________________________;

      7) жерүсті деңгейінен қысымның рұқсат етілген төмендеуі немесе азаюы (м) ____________________________________________;

      8) су дайындау ______________________________________;

      9) жиналатын судың сапасына қойылатын талаптар __________________;

      10) тұтынушыларға жерасты суларын беру шарттары __________________________;

      11) жерасты суларын жинаған немесе деңгейін төмендеткен кезде беткі ағыстың рұқсат етілген азаюы (млн. м3/жыл, мың. м3/тәу, л/с) __________________________;

      12) бақылау-өлшеу аппаратурасының типі ____________________________;

      13) санитарлық қорғау аймағының (округінің) шекаралары (дара ұңғы және ұңғымалар тобы немесе су жинағы үшін) __________________________;

      14) жерасты суларына мониторинг жүргізу бойынша қойылатын талаптар (режимдік желінің, жер асты сулары кен орнын пайдалануда немесе тау-кен қазбаларын пайдалануда судың деңгейін төмендетуді қадағалаудың болуы) ______________________________________;

      15) пайдаланылатын қорларды бағалау және қайта бағалау жөніндегі міндеттемелер, оның ішінде дренаждық сулар ________________________;

      16) жобаға салынатын инвестициялардың көлемі __________________________;

      17) кен орны (жер қойнауы учаскесі) туралы ақпаратқа құқық ______________________;

      18) жер қойнауын пайдаланушының заңды мекен-жайының өзгергендігі туралы ақпарат ____________________;

      19) геологиялық ақпаратты Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне және оның аумақтық органдарына ұсыну ____________________;

      20) жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттемелер __________________________;

      21) бірнеше жер қойнауын пайдаланушының пайдалану объектінің технологиялық схемасына байланысты жер қойнауын пайдалану шартын сақтау жөніндегі талаптар __________________________;

      8. Жер қойнауын пайдалану қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібі __________________________________.

      9. Шарттық талаптар ________________________________.

      10. Кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалануға байланысты төлемдер ________________________________.

      11. Өзге де шарттар ______________________________________.

      Қосымша: Ахуалдық схема.

      Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

      (өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті)

      20__ жылғы "____"______________

  Тәулігіне екі мың текше метр және
одан да көп көлемдегі өндірістік-
техникалық жерасты суларын пайдалы
қазбаны өндірудің технологиялық
схемасына сәйкес қаттарға айдау
үшін оларды барлау мен өндіруге не
тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде
су деңгейін төмендету мақсатында
жерасты суларын өндіруге рұқсат беру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорынның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә)

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланудың түрі)

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланудың түрі және объектісі - кен орны, жер

      қойнауы учаскесі)

      Қазақстан Республикасында тәулігіне екі мың текше метр және

      одан да астам көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы

      қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін

      оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су

      деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беруді

      сұрайды

      Жер қойнауын пайдалану мақсаты

      _____________________________________________________________________

      (қатқа айдау үшін алынатын немесе суды төмендету мақсатында

      шығарылатын жерасты суларының болжамды мөлшері (көлемі) млн.м/жыл,

      мың м/тәу, л/с)

      1. __________________________________________________________________

      (жерасты суларын барлаудың және өндірудің басталуы мен

      аяқталуының болжамды мерзімі)

      2. __________________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық атауы және деректемелері)

      3. __________________________________________________________________

      (басшысының Т.А.Ә.А лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.А)

      4. __________________________________________________________________

      (кәсіпорынның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы

      мәліметтер)

      5. __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің бұдан бұрынғы қызметі туралы деректер)

      6. __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жер асты суларын кен орнында (жер қойнауы

      учаскесінде) барлаған және пайдаланған кезде жер қойнауын

      пайдалану шарттары туралы ниеті)

      7. __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жерасты суларын, қоршаған ортаны сарқылудан және

      ластанудан, қорғауға қатысты, техникалық және технологиялық

      іс-шараларды қоса, жаңартуды және жұмыстардың қауіпсіздік

      техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда жұмыстардың ниеті)

      8. __________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалануға байланысты кірістер мен шығыстардың есебі)

      9. __________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемдердің болжамды есебі)

      Қосымшалар:

      1. Бұрыштық нүктелердің координаттары бар ахуалдық схема (тәулігіне екі мың текше метр және одан да астам көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат алу үшін).

      2. Жер бөлу;

      3. Жер қойнауын пайдалану объектісінің сипаттамасы бар жазба.

      Өтініш беруші кәсіпорынның басшысы (лауазымы)

      _______________ ______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.А.)

      м.о. 20___ жылғы "___"__________