Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11033 тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министрі жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 417 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 21.06.2018 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдарды растамаларының, жеңілдік рұқсатнамаларының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-27) тармақшасына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдарды растамаларының, жеңілдік рұқсатнамаларының, теңізде жүзу кітапшаларының (бұдан әрі – теңізшінің құжаттары) тізілімдерін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Теңіз порты әкімшілігі) жүргізеді.

2-тарау. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2019 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тізілімдерге мынадай ортақ мәліметтер енгізіледі:

      1) теңізшінің тегі, аты, әкесінің (бар болса) аты, туылған күні, азаматтығы, жынысы, жеке суреті;

      2) құжат түрі, нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      3) қолданылу мерзімін ұзарту, тоқтату, құжатты ауыстыру, күшін жою, тапсыру, жоғалту, алып қою, жою туралы деректер.

      4. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, тізілімдерге мынадай қосымша мәліметтер енгізіледі:

      1) кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне:

      лауазымы, қызметі, жауапкершілік деңгейі, диплом растамасы, түзетулерімен бірге теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы халықаралық конвенция құзыретінің (бұдан әрі – ТДДВ конвенциясы) сәйкес ең төмен стандарттарына шектеулер, жеңілдік рұқсатнамаларын беру жөніндегі деректер және медициналық қорытынды;

      2) теңізде жүзу кітапшаларының тізіліміне:

      растайтын құжаттар туралы мәліметтер (қатардағы құрам тұлғалары маманының құжаттары, танкерде қызмет ететін мамандардың құжаттары, танкерде қызмет ететін мамандардың құжаттарының растамалары, кәсіби дипломдарын тануды растайтыны растамалар, танкерде қызмет ететін мамандар құжаттарын тануды растайтын растамалар, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі).

      5. Теңізшілердің берілген құжаттары туралы деректерді Теңіз порты әкімшілігі автоматтандырылған режимде өңдейді және құжаттардың қолданылу мерзімін ұзарту, тоқтату, ауыстыру, күшін жою, тапсыру, жоғалту, алып қою, жою туралы ақпараттың түсуіне қарай жаңартып отырады.

      6. Тізілімдер қорғалған дерекқорда электрондық нысанда, заттай көлемде және "тек оқу үшін" деген функциясымен "pdf" форматында жүктелген түсте сақталады және теңізші құжаттарын беру, ұзарту, тоқтату, алып қою, жоғалту немесе жою және қолданылу мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2019 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Теңізшінің берілген құжаттары туралы ақпаратты Теңіз портының әкімшілігі кемені экипажбен қауіпсіз жасақтау шеңберінде ТДДВ Конвенциясына қосымшаның 1/10 Қағидаларына сәйкес ТДДВ Конвенциясының басқа қатысушы-мемлекетінің теңіз әкімшілігінен немесе кеме қатынасы компаниясынан дәлелді жазба өтініш алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.