Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11003 тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шарашылығы министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 16-07/307 бұйрығымен
бекітілген

Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы қондырғы – биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуға (өртеуге) арналған қондырғы (инсенератор, крематор, өлекселерді өртейтін пеш және осы мақсат үшін қарастырылған басқа да қондырғылар);

      2) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);

      3) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласында, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда қызметті жүзеге асыратын, ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкері;

      4) мал көміндісі (биотермиялық шұңқыр) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды бөліп тұратын санитариялық-қорғаныш аймағын - аумақты сақтай отырып, орналасқан малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған құрылыс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар) өз қызметтері процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды жүзеге асырады.

      Мал өлген, абортталған немесе өлі туған төлді анықтаған сәттен бастап, бір тәуліктен артық емес мерзімде жеке және заңды тұлға осы туралы ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкеріне – ветеринария саласындағы маманға хабарлайды. Қолайсыз пункттердегі биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды, жоюды мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады. Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу немесе көму (жағу) үшін жеткізуді жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      4. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлар өлекселерін және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштарын жұқтырған немесе контаминацияланған биологиялық қалдықтар, сондай-ақ эксперименттік түрде жануарлардың ауру қоздырғыштарын жұқтырған зертханалық жануарлардың өлекселері арнайы қондырғыда өртеу жолымен жойылады, мүмкіндігі жоқ жағдайда, арнайы қондырғы болмай қалған кезде, жергілікті атқарушы орган арнайы бөлген мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) өртеу жолымен жойылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. Дүлей зілзаладан, жұқпалы аурулардан жануарлардың жаппай қырылуы кезіндегі жануарлардың өлекселері және өзге де биологиялық қалдықтарды жер траншеяларында (шұңқырларда) өртеу жолымен жоюға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-2. Жануарлар өлекселерін және өзге де биологиялық қалдықтарды жою кезінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлардың өлекселерін және өзге де биологиялық қалдықтарды жою туралы акті ресімделеді.

      4-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда жануарларды (өлекселерді) және өзге де биологиялық қалдықтарды жою кезінде "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың жойылуы туралы нысан бойынша акті рәсімделеді.

      Ескерту. 1-тарау 4-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Биологиялық қалдықтарды су айдындарына, қоқысқа арналған контейнерлерге тастауға және оларды қоқыс тастайтын жерлерге, көмуге арналған полигондарға шығаруға рұқсат етілмейді.

2. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібі

      6. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтар:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген биологиялық қалдықтарды қоспағанда жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) жемшөп мақсатында кәдеге жаратады;

      2) мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жаратуға жатады;

      3) арнайы қондырғыда жағу жолымен кәдеге жаратады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды ұйымдарда кәдеге жаратқан кезде сұрыптайды және ұсақтайды және мынадай тізбекті технологиялық операциялар мен режимдерді негізге ала отырып, ет-сүйек, сүйек, ет, қауырсын ұндарына және басқа белоктық жемшөп қоспаларына қайта өңдейді:

      1) ұсақталған қалдықтарды вакуумды қазандықтарда 130 С0-қа дейін қыздыру;

      2) 30-60 минут 130 С0 стерилдеу;

      3) пісірілген массаны вакуумның астында 0,05-0,06 МПа қысымымен, 70-80 С0 температурада 3-5 сағат кептіру.

      Ұйымдарда кәдеге жаратылған биологиялық қалдықтар туралы ақпаратты "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9342 тіркелген) бекітілген, "Ет және субөнiмдерiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын объектiлердiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасын есепке алу журналы" 3-вет үлгісіндегі журналға енгізеді.

      8. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жаратқан кезде жануарлардың өлекселерін мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастар алдында әр материалдың (сырғалары бойынша) ветеринариялық ілестірме құжаттарға сәйкестігіне салыстыруды жүргізе отырып, олар ветеринариялық қарап тексеріледі.

      Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) әр тастаған сайын, олардың қақпағын нығыздап жабады.

      9. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды жою арнайы қондырғыларда (инсенираторлар, крематорийлер, өлексе жағатын пештер және осы мақсатта қарастырылған басқа қондырғылар), жерден қазылған орларда (шұңқырларда) жағу әдісі, басқа қол жетімді техникалық әдістер арқылы жанбайтын органикалық емес қалдық түзілгенге дейін жүзеге асырылады.

      Жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою кезінде өлген және лажсыз сойылған жануарлардың өлекселерін, сондай-ақ солардан алынған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жағу эпизоотиялық ошақ аумағында жүзеге асырылады.

      9-1. Жануарлар өлекселерін, өзге де биологиялық қалдықтарды өртеу жолымен жою кезінде арнайы қондырғыдағы өртеу камерасын, арнайы қондырғыны қолдану (эксплуатациялау) техникалық құжаттарына (паспорт, нұсқаулық, ереже және басқа құжаттар) сәйкес жануарлардың өлекселерімен, биологиялық қалдықтармен толтырады.

      Арнайы қондырғыда орнатылған өртеу камерасын жануарлардың өлекселерімен, өзге де биологиялық қалдықтармен қайта толтыру оны күлден және басқа да жанбаған органикалық емес қалдықтардан тазалағаннан кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды арнайы қондырғыларда жағу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайда биологиялық қалдықтарды өзге жерлерде жағады немесе мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жаратады.

      Жануарлар (өлекселерін), өзге де биологиялық қалдықтарды мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жарату, жою кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) ветеринариялық-санитариялық карточка жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды арнайы қондырғыларда жағу мүмкін болмаған жағдайда, ол жерде қазылған орларда (шұңқырларда) мынадай әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ені мен ұзындығы мал өлексесін түгел орналасуын қамтамасыз ететін және тереңдігі 0,5 метр болатын айқыш орналасқан екі ор қазады. Ордың түбіне бір қабат сабан, одан кейін шұңқырдың жоғарғы жиегіне дейін отын не резеңке қалдықтарын немесе басқа қатты жанар-жағар материалдарды төсейді. Ордың ортасына, қиылысқан жерге (айқасқан) ылғал бөренелерден белағаш немесе металл аралықты салады және оларға мал өлексесін орналастырады. Өлексенің екі жақ бүйірі мен үстіне отын қалайды және оны металл табақпен жабады. Шұңқырдағы отынға керосин немесе басқа да жанар-жағар сұйықты құйып, өртейді;

      2) ені мен ұзындығы мал өлексесін түгел орналасуын қамтамасыз ететін және тереңдігі 0,7 метр болатын шұңқыр (ор) қазады, шұңқырдан алынған топырақты шұңқырдың жиегіне ұзына бойына тізбек түрінде орналастырады. Шұңқырды оның жоғарғы жиегіне дейін және оған көлденең торшалап қойылған құрғақ отынмен толтырады. Топырақ үймесіне үш немесе төрт металл аралықтарды немесе ылғал бөренелерді қояды, оларға өлекселерді орналастырады. Сонан соң отынды жағады;

      3) ұзындығы мен ені 2 метр және тереңдігі 0,75 метр болатын шұңқыр қазады, оның түбіне ұзындығы 2 метр, ені 1 метр және тереңдігі 0,75 метр болатын екінші шұңқыр қазады. Төменгі шұңқырдың түбіне бір қабат сабан төсейді және оны құрғақ отынмен толтырады. Отынға керосин немесе басқа жанар-жағар сұйық құяды. Шұңқырдың екі жақ шетінен, қатар-қатар жиналған отын мен қабырғаның арасында, ауа жақсы тарту үшін көлемі 15-20 сантиметр болатын бос кеңістік қалдырады. Төменгі шұңқырды ылғал бөренелерден тұратын белағашпен жабады да, оның үстіне өлексені орналастырады. Өлексенің екі жақ бүйірі мен үстіне отын, сосын шымтезек не тезек қалайды және төменгі шұңқырдағы отынды жағады.

      Күлді және басқа жанбаған органикалық емес қалдықтарды, сол жағылған жеріндегі шұңқырға көмеді.

      11. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Биологиялық (патологиялық) материалды диагностикалық зерттеу кезінде ауру жұқтырған зертханалық жануарлардың өлекселер, биологиялық тіндер (материал) зерттеулердің нәтижесіне байланысты кәдеге жаратылады.

      Жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштары анықталған жағдайда, зертханалық жануарлардың өлекселері, биологиялық тіндер (материал) жағылады немесе кейіннен зарарсыздандырылған қалдықтарды мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастай отырып, 2 сағат бойы 2,0 атмосфералық қысымда автоклав арқылы зарарсыздандырады.

      Жануарлардың басқа ауруларының қоздырғыштары анықталған жағдайда және жануарлардың өлекселерін, биологиялық тіндерді (материалды) зерттеуде теріс нәтиже берген кезде мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастайды не өртейді.

      13. Патогенді микроорганизмдердің өсінділерімен жұмыс жүргізгенде эксперимент кезінде жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштарын жұқтырған және өлген немесе өлтірілген жануарлардың өлекселерін, биологиялық тіндерді (материалды) жағады немесе жағу мүмкін болмаған жағдайда, кейіннен зарарсыздандырылған қалдықтарды мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастай отырып, 2 сағат бойы 1,5 атмосфералық қысымда автоклав арқылы зарарсыздандырады

      Өлген немесе өлтірілген зертханалық жануарлардың өлекселерін, эксперимент кезінде басқа аурулардың қоздырғыштары жұқтырылған биологиялық тіндерді (материалды) өртейді, мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастайды немесе ет-сүйек ұнына қайта өңдейді.

3. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібі

      14. Ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар өртеу арқылы жойылады.

      15. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар (бұдан әрі – өндiрiс объектiлерiнің биологиялық қалдықтары) жойылады немесе зарарсыздандыру (көң, төсеніш материалдары, жемшөп қалдықтары), зарарсыздандырылған қалдықтарды (ветеринариялық конфискаттар, жануарларды сойғаннан қалған қалдықтар) мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастау, жемшөптік мақсаттарға кәдеге жарату немесе жағу арқылы кәдеге жаратылады.

      16. Өндiрiс объектiлерi биологиялық қалдықтарды (көң (саңғырық), төсеніш материалдар, жемшөп қалдықтары) зарарсыздандыруды мынадай әдістердің бірімен жүзеге асырады:

      1) биологиялық (биотермиялық өңдеу, компостирлеу немесе ұзақ сақтау);

      2) химиялық (химиялық заттармен өңдеу);

      3) физикалық (термиялық өңдеу немесе өртеу).

      17. Инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда осы кезеңде алынған көңнің (саңғырықтың) бәрін биологиялық, химиялық немесе физикалық фракцияларға бөлінгенге дейін зарарсыздандырады. Көңді (саңғырықты) және көң ағындыларын зарарсыздандыру әдісін таңдау пайда болған эпизоотиялық ахуалды, ауру қоздырғышының түрін ескере отырып айқындалады.

      Жануарлардың жұқпалы ауруларымен ауырғанға күдік тудырған ауру жануарлардың төсеніш материалы және көңі, сондай-ақ аталған жануарлардан алынған көңмен және төсеніш материалымен бірге тұрған төсеніш материалын, көңді (саңғырықты) жағады.

      Төсеніш материалын, көңді (саңғырықты), ауыл шаруашылығы алқаптары үшін тыңайтқыш болып табылмайтын қоқысты, сондай-ақ қолайсыз пункттерді жағады.

      Биологиялық қалдықтарды кәдеге
жарату, жою қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жануарлардың өлекселерін және өзге де биологиялық қалдықтарды жою туралы акті

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      (актіні дайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы,)

      жануар өлексесі, биологиялық қалдық иесінің (оның өкілінің) қатысумен

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ________________________________(тіркелген ) мекенжайы бойынша тұратын

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының негізінде

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      (жойылған жануарлардың (өлекселердің), биологиялық қалдықтардың түрi, саны)

      20__жылғы "____" _______________________________________________________________

      __________________________________________________________ әдiсiмен жоюды жүргізді.

       (жою әдiсi көрсетiледi)

      ___________________________________________________ ____________________

       (актіні жасаған адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау

      және қадағалау объектісінің иесі (оның өкілі):

      _______________________________________________ _____________________

                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))                    (қолы)

      Биологиялық қалдықтарды кәдеге
жарату, жою қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) ветеринариялық-санитариялық каточкасы

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.12.2016 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. __________________________ облысы, __________________________ауданы

      ___________________________________________________________елді мекені

      2. __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________мал

      көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) орналасқан жері

      3. Жойылған:

      жақын арадағы елді мекеннен __________________________________________;

      жайылымнан ________________________________________________________;

      су айдынынан _______________________________________________________;

      жолдардан __________________________________________________________;

      Тұрған жердің сипаттамасы: топырақ _____________ тереңдігі__________

      жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі _______________________ жауын-шашын

      суы қайда ағады __________________________________________________________

      4. Қандай шаруашылық жүргізуші субъектілер (жеке және заңды тұлғалар) мал

       көміндісін (биотермиялық шұңқырды) пайдаланады _______________________

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      __________________________________________

      5. Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) алаңы_________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________

      6. Мал көміндісінің немесе биотермиялық шұңқырдың қоршауы ветеринариялық

      (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес/сәйкес емес _________________________

      ___________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) санитариялық сипаттамасы:

      1) бірінші өлексені көму _______ жылы болды;

      2) _______ жылы _______________________________өлген жануарлар көмілді;

       (аурудың атауы)

      3) _______ жылы _______________________________өлген жануарлар көмілді;

       (аурудың атауы)

      4) _______ жылы _______________________________өлген жануарлар көмілді.

       (аурудың атауы)

      8. Мал көміндісін немесе биотермиялық шұңқырды қарап-тексерудегі жай-күйі:

Мерзімі

Анықталған жетіспеушіліктер

Не істеу керек,
қандай мерзімде, орындаушы кім

Не істелінді және қашан

Кім қарап-тексерді және қарап-тексеру мерзімі































      Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) жай-күйіне 5-тен көп қарап-тексеру

       жүргізілген жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер қол қоятын ветеринариялық-санитариялық карточкаға қосымша түрінде мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) жай-күйіне қарап-тексеру тізімі жасалады және осы ветеринариялық-санитариялық карточканың ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ветериариялық-санитариялық карточка үш данада жасалады, біреуі кент (ауылдың, ауылдық округтің) әкімі үшін, біреуі жергілікті атқарушы органды құрған ветеринариялықмекеме үшін және біреуі ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшесіне (облыстық маңызы бар қалалар).

      Ауданның бас мемлекеттік

      ветеринариялық дәрігері _______________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Ветеринариялық-санитариялық

      карточканы алды _____________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "____" ___________