Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10940 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 27 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.09.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А.С. Мамытбеков _____________

      2015 жылғы 16 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      А.Қ. Дауылбаев ______________

      2015 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      А.Б. Сәрінжіпов ______________

      2015 жылғы 18 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      Т.Б. Дүйсенова _______________

      2015 жылғы 20 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және

      даму министрі

      Ә.Ө. Исекешев _______________

      2015 жылғы 27 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б.Т. Сұлтанов _________________

      2015 жылғы 27 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      А. Мұхамедиұлы ______________

      2015 жылғы 7 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері

      және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігінің

      төрағасы

      Қ.П. Қожамжаров _____________

      2015 жылғы 3 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банк төрағасы

      Қ.Н. Келімбетов ______________

      2015 жылғы 20 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ.Н. Қасымов ________________

      2015 жылғы 12 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      В.С. Школьник _______________

      2015 жылғы 23 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 285 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Үлгілік әдістеме статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын және әкімшілік деректерді қалыптастыратын мемлекеттік статистика органдарына және әкімшілік дереккөздерге жататын мемлекеттік органдарға таралады.

      3. Осы Үлгілік әдістеме мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына беру үшін мемлекеттік органдардың метадеректерді қалыптастыру рәсімін айқындайды (бұдан әрі - Ведомство).

      4. Мемлекеттік органдардың осы Үлгілік әдістемені қолдануы:

      1) мемлекеттік органдардың метадеректерін бірыңғай сақтау қоймасын құруды және оны өзектілендіруді;

      2) мемлекеттік органдардың метадеректерді қалыптастырудың бірыңғай әдіснамасын пайдалануды;

      3) ресми статистикалық ақпаратты және әкімшілік деректер сипаттамасы бойынша метадеректерді ұсынудың форматтары мен технологияларының бірлігін қамтамасыз етеді.

      5. Осы Үлгілік әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) "Жіктелімдер және стандарттар" ақпараттық жүйесі - жіктелімдерді әзірлеу, енгізу, пайдалану және басқа ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелер үшін ондағы ақпаратқа бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету процестерін автоматтандыруға арналған жүйе (бұдан әрі – "Жіктелімдер және стандарттар" АЖ);

      2) "Метадеректер" ақпараттық жүйесі статистикалық көрсеткіштерді, жіктеуіштерді, анықтамалықтарды сақтауға, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштер өлшемдері мен оларды жинау, өңдеу және тарату алгоритмдерінің сипаттамасына арналған жүйені білдіреді (бұдан әрі – "Метадеректер" АЖ);

      3) статистикалық көрсеткіш – бұл орынның және уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе процестің мәнін көрсететін, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сапалы сипаттамасы (бұдан әрі - СК);

      4) статистикалық көрсеткіштердің жіктеуіші статистика саласында қолданылатын кіріс және шығыс көрсеткіштердің жүйелендірілген тізбесін білдіреді, және мемлекеттік статистика саласындағы статистикалық көрсеткіштерді жіктеу және кодтау тәртібін белгілейді.

      Өзге де ұғымдар "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңында айқындалған мағынада пайдаланылады.

2. Метадеректер және олардың типтері

      6. Метадеректер – бұл статистикалық деректерді айқындайтын және сипаттайтын деректер.

      7. Метадеректер типі бойынша мыналарға бөлінеді:

      1) құрылымдық - осы деректерді табу және шығарып алу үшін деректерді айқындайтын және сипаттайтын метадеректер. Құрылымдық метадеректер мысалы осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген. Құрылымдық метадеректерді толтырудың үлгісі осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасында келтірілген;

      2) анықтамалық (сілтемелі) - статистикалық ақпараттың мазмұнын және сапасын сипаттайтын метадеректер. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер мысалы осы Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасында келтірілген. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді толтырудың үлгісі осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасында келтірілген. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер келесі түрлерге бөлінеді:

      тұжырымдамалық - өлшенетін ұғымдарды сипаттайтын метадеректер;

      әдіснамалық – сол арқылы іріктеме және деректерді жинау әдістері сияқты деректер алынған әдістерді сипаттайтын метадеректер;

      сапалық - уақтылылық және нақтылық сияқты деректердің сапалық сипаттамаларын сипаттайтын метадеректер.

3. Метадеректерді қалыптастыру

      8. Мемлекеттік орган өз құзыретінің шеңберінде метадеректерді:

      1) ақпараттық жүйелер болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер құралдары;

      2) ақпараттық жүйелер болмаған жағдайда, осы Үлгілік әдістеменің 2, 4-қосымшаларына сәйкес Excel кестесін толтыру арқылы қалыптастырады.

      9. Мемлекеттік органдар өз құзыретінің шеңберінде СК бойынша құрылымдық метадеректерді қалыптастырады және "Метадеректер" АЖ толтыру үшін осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде Ведомствоға береді. Ескертпеден басқа, нысанның келесі өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:

      1) реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) СК коды – мемлекеттік органдар жүгінген кезде Ведомствомен бірлесіп берілетін СК бірегей коды көрсетіледі;

      3) СК атауы – СК мәтіндік атауы көрсетіледі;

      4) СК белгісі – егер СК есептік болған жағдайда, "1" белгісі және СК енгізілетін болған жағдайда, "0" көрсетіледі. Есептік СК - есеп айырысу іс-қимылдарының барысында алынған СК, енгізілетін СК – респондент статистикалық нысанға енгізетін СК;

      5) СК дереккөзі – жалпы мемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың атауы және/немесе әкімшілік деректер қалыптастырылатын ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі. Бұл ретте бірнеше дереккөзді көрсетуге болады;

      6) СК немесе дереккөзді жинау кезеңділігі – СК немесе дереккөзді жинау кезеңділігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жартыжылдық және басқалар);

      7) СК жариялау кезеңділігі – СК жариялау кезеңділігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жартыжылдық және басқалар);

      8) СК немесе дереккөзді жинау мерзімі – СК немесе дереккөзді жинаудың нақты күні көрсетіледі;

      9) СК жариялау мезгілі - СК жариялаудың нақты күні көрсетіледі;

      10) жинаудың өлшем бірлігі – СК жинаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірліктері мен шоттың мемлекетаралық жіктеуішіне (бұдан әрі - ӨБМЖ) сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі;

      11) жариялаудың өлшем бірлігі – СК жариялаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірлігі ӨБМЖ сәйкес көрсетіледі;

      12) СК жариялау белгісі – СК ресми түрде жарияланған жағдайда, "1" белгісі немесе СК жарияланбаған жағдайда "0" көрсетіледі;

      13) өлшем (бөлініс) – пайдаланылатын жіктеуіштер, анықтамалықтар бойынша СК өлшемі (бөлінуі) көрсетіледі, мысалы: әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші, экономикалық қызмет түрлері бойынша және басқалар. Осы өрісте жіктеуіштің, анықтамалықтың ID кодын көрсетумен жіктеуіштің, анықтамалықтың аббревиатурасы толтырылады. Әрбір мәні "-" символы арқылы, жіктеуіш және анықтамалық аббревиатурасы мен ID бірге бос орын тасталмай көрсетіледі. Мысалы: ӘАОЖ213-ЭҚЖЖ4855.

      Егер жіктеуішті, анықтамалықты нақтылау қажет болған жағдайда, жіктеуіштің, анықтамалықтың иерархия деңгейі және/немесе жіктеуіштің, анықтамалық элементінің коды көрсетіледі. Иерархия деңгейі "_" арқылы көрсетіледі, мысалы: ӘАОЖ 213_2- ЭҚЖЖ 4855_1. Элементтің коды жай жақшаларда көрсетіледі, мысалы ӘАОЖ213_2(11)- ЭҚЖЖ4855_1(E). Жиынтық деректер республика бойынша қалыптастырылған жағдайда, бөлінуі бір өлшемнен тұрады, мысалы ӘАОЖ213_1.

      Жіктеуіштің, анықтамалықтың ID коды және элементтерінің кодтары "Жіктелімдер мен стандарттар" АЖ-да қалыптастырылады;

      14) өлшемін (бөлінуін) жариялау белгісі – өлшемін (бөлінуін) ресми түрде жариялаған жағдайда, "1" белгісі немесе өлшемі (бөлінуі) жарияланбаған жағдайда "0" көрсетіледі.

      "Ескертпе" өрісі қажет болған жағдайда толтырылады.

      10. Мемлекеттік органдар өз құзыретінің шеңберінде СК бойынша анықтамалық (сілтемелік) метадеректерді қалыптастырады және "Метадеректер" АЖ толтыру үшін осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде Ведомствоға береді. Нысанның барлық өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:

      1) реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) СК коды – мемлекеттік орган жүгінген кезде Ведомствомен бірлесіп берілетін СК бірегей коды көрсетіледі;

      3) СК атауы – СК мәтіндік атауы көрсетіледі;

      4) СК қысқаша атауы – мемлекеттік орган өзінің қысқаша атауы ретінде қабылдаған СК қысқаша мәтіндік атауы немесе аббревиатурасы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда үтір арқылы бірнеше атау (синонимдер) көрсетіледі;

      5) СК анықтамасы – СК мәтіндік анықтамасы көрсетіледі;

      6) СК қалыптастыру тарихы – СК қалыптастырылған кезең көрсетіледі (мысалы: 1991 жылдан бастап);

      7) СК қалыптастыру әдістемесі – СК алудың құрылымы және тәсілі бойынша қысқаша әдістемелік түсіндірме көрсетіледі немесе бекітілген нормативтік құқықтық актіге, көрсеткішті жинау/қалыптастыру тәртібін айқындайтын әдіснамалық құжатқа (әдістемелік түсіндірме, бекітілген нормативтік құқықтық акт, әдіснамалық құжат болмаған жағдайда сызықша қойылады) сілтеме келтіріледі;

      8) СК әзірлеуші туралы ақпарат – СК қалыптастыруға жауапты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;

      9) СК қалыптастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері – жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны, электрондық поштасы көрсетіледі.

  Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
1-қосымша

Құрылымдық метадеректер мысалы
Жыл басына халық саны


2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Қазақстан Республикасы

14 866 837

14 951 200

15 074 767

15 219 291

15 396 878

15 571 506

15 982 370

16 203 036

16 440 124

16 673 077

16 909 776

17 160 774

Ақмола

748 167

748 930

747 185

746 652

748 559

747 447

738 827

735 117

733 244

731 337

732 719

735 566

Ақтөбе

668 378

671 812

678 607

686 698

695 454

703 660

756 782

763 566

777 460

786 316

795 817

808 932

Алматы

1 560 267

1 571 194

1 589 751

1 603 758

1 620 696

1 643 278

1 804 005

1 836 148

1 872 814

1 908 717

1 946 718

1 984 518

Атырау

451 928

457 215

463 466

472 384

480 687

490 369

509 123

520 992

532 042

542 966

555 217

567 861

Батыс Қазақстан

602 133

603 832

606 534

609 291

612 479

615 310

598 342

603 828

608 280

612 498

617 640

623 977

Жамбыл

980 072

985 552

992 089

1 001 094

1 009 210

1 018 845

1 020 796

1 034 487

1 046 253

1 055 813

1 069 874

1 084 482

Қарағанды

1 333 656

1 330 927

1 331 702

1 334 438

1 339 368

1 342 081

1 341 207

1 346 810

1 352 178

1 357 878

1 362 743

1 369 667

Қостанай

919 558

913 435

907 396

903 178

900 333

894 192

886 329

883 333

881 544

879 454

879 941

880 776

Қызылорда

603 804

607 491

612 048

618 249

625 070

632 234

677 734

689 008

700 502

712 878

726 711

739 776

Маңғыстау

338 612

349 668

361 754

374 430

390 531

407 403

482 631

503 235

524 176

545 751

567 754

587 419

Оңтүстік Қазақстан

2 111 893

2 150 256

2 193 556

2 233 568

2 282 474

2 331 505

2 462 782

2 511 600

2 567 637

2 621 488

2 678 889

2 733 279

Павлодар

748 651

745 238

743 826

742 911

744 860

746 454

742 276

744 334

746 122

747 004

749 019

752 793

Солтүстік Қазақстан

682 148

674 497

665 936

663 126

660 950

653 921

597 534

592 738

589 301

583 582

579 488

575 766

Шығыс Қазақстан

1 465 931

1 455 412

1 442 097

1 431 180

1 424 513

1 417 384

1 396 871

1 397 993

1 397 889

1 394 710

1 393 619

1 394 018

Астана қ.

501 998

510 533

529 335

550 438

574 448

602 684

605 254

649 146

697 156

742 884

778 198

814 435

Алматы қ.

1 149 641

1 175 208

1 209 485

1 247 896

1 287 246

1 324 739

1 361 877

1 390 701

1 413 526

1 449 801

1 475 429

1 507 509


      Ескертпе: 2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында халық санын қайта есептеу әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде және демографиялық ахуал деректерінің кеш тіркелуін ескере отырып жасалды.

  Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
2-қосымша

      нысан

Құрылымдық метадеректерді сипаттау нысаны

      (нысанды толтырудың үлгісі)

р/с №

СК коды

СК атауы

СК белгісі

СК дереккөзі

Кезеңділігі

Жинау және жариялау мерзімі

СК өлшем бірлігі

СК жариялау белгісі, (1-иә, 0-жоқ)

СК өлшемі (бөлініс)

СК өлшемі (бөлінісі) жариялау белгісі (1-иә, 0-жоқ)

Ескертпе

СК немесе дереккөздің жинау

СК жариялау

СК немесе дереккөздің жинау

СК жариялау

Жинау

Жариялау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

611101

Жыл басына халық саны

1

2009 жылғы халық санағының қорытындылары

ай

жылына бір рет

есепті кезеңнен кейін 6-күн

22 сәуір

адам

адам

1

ӘАОЖ213_2

1

2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында халық санын қайта есептеу әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде және демографиялық ахуал деректерінің кеш тіркелуін ескере отырып жасалды

"Халықтың табиғи қозғалысы" ақпараттық жүйесі

"Халық көші-қоны" ақпараттық жүйесі















































      Ескертпе: Құрылымдық метадеректерді сипаттау нысанын толтыру үлгісі осы Үлгілік әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес келтірілген, мұнда "жыл басына халық саны" атауы – бұл СК, әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші – бұл өлшем, жыл басына халық саны жариялау кезеңділігіне ие – жылына бір рет, өлшем бірлігі - адам.

  Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
3-қосымша

Анықтамалық (сілтемелі) метадеректер мысалы
Жыл басына халық саны

СК коды

611101

СК атауы

Жыл басына халық саны

СК қысқаша атауы

-

СК анықтамасы

Осы аумақта уақыттың белгілі бір кезеңінде тұратын адамдардың саны

СК қалыптастыру тарихы

1999 жылдан бастап

СК қалыптастыру әдістемесі

Жыл басына алынған ағымдағы бағалаулар жыл сайын туылғандар мен осы аумаққа келгендер саны қосылатын және қайтыс болғандар мен осы аумақтан кеткендердің саны алып тасталатын халықтың соңғы санағы қорытындыларының негізінде есептеледі

Әзірлеуші туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Жауапты тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты

телефон:

электрондық пошта:

  Мемлекеттік органдардың қолдануы
үшін метадеректерді қалыптастырудың
үлгілік әдістемесіне
4-қосымша

      нысан

Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді сипаттау нысаны

      (нысанды толтырудың үлгісі)

р/с №

СК коды

СК атауы

СК қысқаша атауы

СК анықтамасы

СК қалыптастыру тарихы

СК қалыптастыру әдістемесі

СК әзірлеуші туралы ақпарат

СК қалыптастыруға жауапты адамның байланыс деректері

Тегі, аты, әкесінің аты

Телефон

Электрондық пошта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

611101

Жыл басына халық саны

-

Осы аумақта белгілі бір уақыттың кезеңінде тұратын адамдардың саны

1999 жылдан бастап

Жыл басына алынған ағымдағы бағалаулар жыл сайын туылғандар мен осы аумаққа келгендер саны қосылатын және қайтыс болғандар мен осы аумақтан кеткендердің саны алып тасталатын халықтың соңғы санағы қорытындыларының негізінде есептеледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Тегі, аты, әкесінің атын көрсету

Қаланың кодыментелефонды көрсету

Электрондық поштаны көрсету