Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 8-2/230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10841 тіркелді.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 19 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 8-2/230 бұйрығымен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Aгроном

      2. Агрохимик

      3. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі инженер

      4. Ветеринариялық техник

      5. Асылдандыру ісі жөніндегі техник

      6. Бактериолог

      7. Ветеринар дәрігер

      8. Ветеринариялық фельдшер

      9. Вирусолог

      10. Герболог

      11. Гельминтолог

      12. Еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер

      13. Жанар-жағар май материалдары жөніндегі инженер

      14. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник

      15. Зертхананың ветеринар дәрігері

      16. Зоотехник

      17. Машина-трактор парккін пайдалану жөніндегі инженер

      18. Топырақтанушы

      19. Фитопатолог

      20. Химик

      21. Энтомолог

      22. Инженер-гидротехник (гидротехник)

      23. Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман

      24. Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман