Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту тур

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10684 тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                 Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 10 наурыз

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 наурыздағы
№ 187 бұйрығымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары

Көлік құралының типі

Функционалдық мақсаты

Жұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны

Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы

Эпидемияға қарсы жасақ

Бір станцияға

1

2

3

4

5

1. Санитариялық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді)

Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін

2

1

X

2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді)

Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін

2

1

X

3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана

Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

4. Су тасығыш

Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

5. Өзі аударғыш

Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында

Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

7. Шағын автобус

Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін

2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік

2-ден артық емес

8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті трактор

Тиеу-түсіру жұмыстары үшін


1