"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 наурызда № 10575 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тиісті аумақтағы аумақтық бөлімшелері медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып белгіленсін.
      2. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 242-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ алып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов