Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10560 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 368 бұйрығымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 08.04.2020 № 368 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 131 бұйрығымен
бекітілген

Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібі мен мерзімін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы және сұрау салынатын ақпарат – әкімшінің уәкілетті органға беретін оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпараты;

      2) әкімші – сотта істерді қарау және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;

      3) хабарлама – әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама.

2. Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу тәртібі мен оның мерзімі

      3. Камералдық бақылау оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде әкімшінің қызметіне мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына жатады және әкімшіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру мақсатында жүргізіледі.

      4. Камералдық бақылау уәкілетті органда бар мынадай деректерді:

      1) ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;

      2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін;

      3) әкімшінің және борышкердің қызметі жөнінде түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру жолымен жүргізіледі.

      5. Камералдық бақылауды уәкілетті орган ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      6. Әкімшінің әрекетінде (әрекетсіздігінде) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда хабарлама ресімделеді және анықталған бұзушылықтардың сипаттамасымен қоса жіберіледі.

      7. Уәкілетті органмен әкімші ұсынған хабарламаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау туралы қорытынды және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың расталмағаны туралы қорытынды жасайды.

      Осы тармақта көрсетілген қорытындылар әкімшінің хабарламаны орындағаны туралы есебін берген күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.

  Оңалту рәсімі мен банкроттық
рәсімінде әкімшінің қызметіне
камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау туралы қорытынды

      ______________________________ ____________

      (уәкілетті органның атауы) (күні)

      Мен, ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса уәкілетті орган

      қызметкерінің лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      осы қорытынды Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), борышкердің атауы: _____________

      _____________________________________________________________________

      Борышкердің ЖСН (БСН): ______________________________________________

      Рәсімнің түрі:_______________________________________________________

      Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________

      _____________________________________________________________________

      Әкімшінің ЖСН: _____________________________________________________,

      20__ жылғы кезең үшін 20___жылғы "___" _________ № ___ әкімші қызметінің камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша жасалды.

      Жоғарыда аталған хабарламада көрсетілген бұзушылықтар туралы камералдық бақылау нәтижелері бойынша,

      шешім қабылданды:____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Уәкілетті органның қызметкері: _____________________ ________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Уәкілетті орган

      басқармасының басшысы _____________________ ________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Уәкілетті органның басшысы

      (басшының орынбасары) _____________________ ________

      (Т.А.Ә.) (қолы)
Оңалту рәсімі мен банкроттық
рәсімінде әкімшінің қызметіне
камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың расталмағаны туралы қорытынды

      ______________________________ ____________

      (уәкілетті органның атауы) (күні)

      Мен, ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті орган

      қызметкерінің лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      осы қорытынды Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), борышкердің атауы: _____________

      _____________________________________________________________________

      Борышкердің ЖСН (БСН): ______________________________________________

      Рәсімнің түрі:_______________________________________________________

      Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________

      _____________________________________________________________________

      Әкімшінің ЖСН: _____________________________________________________,

      20__ жылғы кезең үшін 20___жылғы "___" ________ № ___ әкімші қызметінің, камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша жасалды.

      Жоғарыда аталған хабарламада көрсетілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылданды:

Бұзушылық атауы

Түсініктеме

Уәкілетті органның шешімі








      Уәкілетті органның қызметкері: _____________________ ________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Уәкілетті орган

      басқармасының басшысы _____________________ ________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Уәкілетті органның басшысы

      (басшының орынбасары) _____________________ ________

      (Т.А.Ә.) (қолы)