2014 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 84 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 3497 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мерей ауылдық округі әкімінің 25.12.2015 № 19 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданының Мерей ауылы аумағында мүйiздi iрi қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгiленсiн.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      Ауылдық округ әкімі Қ. Тәшімов