Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 3387 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 3743 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 3585 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.11.2015 № 3585 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. "Орал қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. З. Манқараевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Ғ. Орынғалиев

  2014 жылғы 12 желтоқсандағы
  № 3387
  Орал қаласы әкімдігінің
  қаулысымен бекітілген

Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға
(жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін
есептеу қағидаларын бекіту туралы

      1. Осы қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылысты мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес объектінің аумақтық орналасуы, құрылыстың үлгісі, объектінің түрі, объектінің қолайлылық дәрежесі, жалдаушының объектіні пайдалануы және жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін базалық мөлшерлеме мен қолданылатын коэффициент көлемі негізінде анықталады.
      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын емес қордың және құрылыс объектілерін жылдық жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жал = Бмк х К1 х Кү х К2 х К3 х К4 х Кұқн х S, мұнда:
      Жал – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері мен құрылыстар үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
      Бмк – тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткішке тең объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метріне жалдау ақысының базалық мөлшерлеме көлемі, бір жылға теңгемен.
      К1 – объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кү – құрылыстың үлгісін ескеретін коэффициент;
      К2 – объектінің түрін ескеретін коэффициент;
      К3 – объектінің қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      К4 – жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициент;
      Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
      S – жалға алынатын объектінің жалпы алаңы, шаршы метр.
      Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері мен құрылыстарын бір айға жалдау ақысының ең төменгі мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс.
      3. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жал = Ққ х Пм, мұнда:
      Жал – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтар, көлік құралдар және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттары) үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
      Ққ – бухгалтерлік есеп деректері бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген жабдықтардың, көлік құралдарының және өзге де жылжымайтын мүліктердің (заттардың) қалдық құны, теңгемен;
      Пм – жалдаушының қызмет түріне қарай (салалар бойынша) жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін пайыздық мөлшерлеме, бір жылға пайызбен.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны жабдықтардың, көлік құралдарының және өзге де жылжымайтын мүліктердің (заттардың) бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін және құрылыстарды, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жс = Жал / 12 / К / 24, мұнда:
      Жс – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдары және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттар) үшін жалдау ақысы, бір сағатқа теңгемен;
      Жал – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлік құралдары және өзге де жылжымайтын мүліктер (заттар) үшін жалдау ақысы, бір жылға теңгемен;
      К – объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.

  Қалалық коммуналдық мүлікті
  мүліктік жалдауға (жалға алуға)
  беру кезінде жалдау ақысының
  мөлшерлемесін есептеу
  қағидаларына
  1-қосымша

Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын
емес қордың объектілерін және құрылыстарды мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу.
Объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициенттің мәні, "К1"

 № 
Объектінің аумақтық орналасуы
 К1 
1
2
3
1
Орал қаласының аумағы, осы кестенің 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда.
2,0
1)
Орал қаласының қалған аумағы: Жәңгір хан көшесі – Орал-Саратов трассасы, Сады көшесі – Деркөл кенті, Ет комбинаты – Ружейников көшелері, Дамбы тұйығы – Пугачев көшелері, Зачаган кенті, Круглоозерный кенті, Серебряков ауылы, Желаев ауылдық округі шекарасында.
1,5

Құрылыстың үлгісін ескеретін коэффициенттің мәні, "Кү"

 № 
Құрылыстың үлгісі
 Кү 
1
2
3
1.
Кеңселік.
1,0
2.
Өндірістік.
0,8
3.
Спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары).
0,7
4.
Қойма, гараж, қазандық.
0,6
5.
Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыстары (жарықтандыру желілерінің тіректері).
2,0

Объектінің түрін ескеретін коэффициенттің мәні, "К2"

 № 
Объектінің түрі
 К2 
1
2
3
1.
Бөлек тұрған құрылыс (ғимарат).
1,0
2.
Іргелес-жапсарлас салынған үй-жай, жапсарлас салынған үй-жай, осы кестенің 3-тармағын қоспағанда ғимараттағы үй-жайлардың бөлігі.
0,9
3.
Астыңғы қабат (жартылай жертөле), жертөлелік үй-жай.
0,7
4.
Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыстары (жарықтандыру желілерінің тіректері).
1,0

Объектінің қолайлылық дәрежесіні ескеретін коэффициенттің мәні, "К3"

 № 
Объектінің қолайлылық дәрежесі
 К3 
1
2
3
1.
Абаттандырылған (барлық коммуникациялық жағдайлары бар болған кезде).
1,0
2.
Инженерлік коммуникацияларсыз (сумен жабдықтау, кәріз жүйесі болмаған жағдайда), бірақ электр және жылу жүйелері болған жағдайда.
0,9
3.
Инженерлік коммуникацияларсыз.
0,8
4.
Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыстары үшін (жарықтандыру желілерінің тіректері).
1,0

Жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициенттің мәні, "К4"

 № 
Жалдаушының объектіні пайдалануы
 К4 
1
2
3
1.
Брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін.
3,0
2.
Қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үй қызметін көрсетуді ұйымдастыру үшін.
2,5
3.
Халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, "Қазпошта" акционерлік қоғамының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін.
2,0
4.
1)
2)
3)
4)
Мынадай салаларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру;
орта арнаулы, кәсіптік білім беру;
орта білім беру;
мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру.
 
1,1
1,0
0,9
0,85
5.
Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін.
0,9
6.
1)
 
2)
 
 
 
 
 
3)
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін:
кіруге шектеу қойылған қалалық коммуналдық заңды
тұлғалардың ғимараттарында;
жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы білім беру
мекемелерінде:
асханалар: заңды тұлғалар үшін;
жеке тұлғалар үшін;
буфеттер, кафетерийлер: заңды тұлғалар үшін;
жеке тұлғалар үшін;
қалғандары үшін: асханалар;
буфеттер, кафетерийлер.
 
 
0,5
 
 
0,55
0,45
0,75
0,65
0,6
0,75
7.
Халыққа қызмет көрсету (шаштараз, фотосурет, химиялық тазалау, кір жуу, киім, аяқ киім тігу және жөндеу, электр, радио, телеаппаратураларды және ұйымдастыру техникасын жөндеу), тұтыну тауарларын, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді және қызметтерді өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу.
0,6
8.
Осы кестегі 1-7 тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін.
1,9

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттің мәні, "Кұқн"

 № 
Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны
Кұқн
1
2
3
1.
Қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін.
0,5
2.
Мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) бар акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін.
0,8
3.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлға, шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер құрмаған дара кәсіпкерлер үшін (сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін).
0,9
4.
Осы кестенің 1-3 тармақтарында көрсетілген жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысандарын қоспағанда, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысандары үшін.
1,0

  Қалалық коммуналдық мүлікті
  мүліктік жалдауға (жалға алуға)
  беру кезінде жалдау ақысының
  мөлшерлемесін есептеу
  қағидаларына
  2-қосымша

Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды,
көлік құралдарын және өзге де жылжымайтын мүліктерді (заттарды) мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу.
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент мәні, "Пм"


Жалдаушының қызмет түрлері (салалар бойынша)
Пм,
пайызбен
1
2
3
1.
Тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру (асхана, буфет, кафетерий), тамақ өнімдерін өндіру, халыққа медициналық, емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсету, білім беру, спорт, мәдени-ағарту қызметі.
28
2.
Тұтыну тауарларын өндіру, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер мен қызметтер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық-есептеу және ұйымдастыру техникасы, байланыс.
33
3.
Көтерме-бөлшек және комиссиялық сауда, қоғамдық тамақтану (мейрамхана, кафе, бар).
38
4.
Осы кестенің 1-3 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағандағы, қызмет түрлері үшін.
38