2014 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 212 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 тамызда № 3622 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 349 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның аудандар бойынша 2014 жылға арналған көлемі бекітілсін.
      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның 2014 жылға арналған мөлшері айқындалсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және аудандар әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы 14 тамыздағы
№ 212 қаулысына
1-қосымша

Субсидиялауға жататын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды
сатудың 2014 жылға арналған шекті бағалары

 № 
 р/с 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың бір тоннасын сатудың шекті бағасы,
теңге

1

Күздік бидай

45 000

2

Жаздық бидай

43 000

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы 14 тамыздағы
№ 212 қаулысымен
бекітілген

Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның аудандар
бойынша 2014 жылға арналған көлемі

 № 
 р/с 

Аудандардың атауы

Субсидия көлемі,
мың теңге

1

Зеленов

43 700

2

Теректі

11 900

3

Шыңғырлау

4 400

Облыс бойынша

60 000

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы 14 тамыздағы
№ 212 қаулысына
2-қосымша

Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша сатылған бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген тұқымдардың 1 тоннасына берілетін субсидияның
2014 жылға арналған мөлшері

 № 
 р/с 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарының 1 тоннасына берілетін субсидияның мөлшері,
теңге

1

Күздік бидай

9 700

2

Жаздық бидай

15 000