«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығының күші жойылсын (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізбесінде № 8333 санымен тіркелген және 2013 жылғы 17 сәуірдегі «Казахстанская правда» газетінің № 134-135 (27408-27409): 2013 жылғы 17 сәуірдегі «Егемен Қазақстан газеті» газетінің № 108 (28047) басылымында жарияланған.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
__________________ Ж. Қасымбек
2014 жылғы 24 сәуір