"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашад

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10118 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 18.12.2015 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жетілдіру мақсатында, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 2-тармағын және «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ТӨ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7315 санымен тіркелген, «Заң газетінің» 2011 жылғы желтоқсандағы № 183 (2173) санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесінде:
      2-тармағында:
      он бірінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Өтініштің қаралуын тоқтату туралы өтінішхаты бар өтініш келіп түскен жағдайда, ол тіркелгеннен кейін өтінішті есепке алу карточкасының «Тоқтату туралы өтінішхат келіп түсті» 19.1 деректемесінде тиісті белгі қою арқылы қараусыз негізгі өтінішке қоса тіркеледі (Заңның 14-бабының 7) тармақшасы).
      он екінші бөлік келесі редакцияда жазылсын:
      «Осы Ережеге сәйкес есепке алуға жатпайды:
      1) бір мемлекеттік органнан екіншісіне келіп түскен қызметтік құжаттар;
      2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;
      3) шағымдардың көшірмелері;
      4) өтініштің қаралуын тоқтату туралы өтінішхаты;
      5) егер субъектілердің немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдеріне берілген шағыммен байланысты болмаса, жұмысқа қабылдау бойынша; өтініш берушілердің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы сөз қозғалған өтініштерден, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы туралы хабарламалардан басқа, өздері қызмет атқаратын субъектілерге берген қызметкерлерден немесе бағынышты субъектілер қызметкерлерінен келіп түскен; «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер.»;
      4-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда берілсін:
      «Мысалы, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша әкімдіктің білім бөліміне келіп түскен өтініштің бірегей нөмірі мынадай түрде жазылады: 157111000142200015. Бұл жағдайда 15 – өтініштің тіркелген жылы, 71 – Астана қаласының коды, 11 – Астана қаласы Алматы ауданының коды, 00 – ауылдық аймақ коды, 01422 – орган коды, 00015 – талонның реттік нөмірі.»;
      төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Өтінішті «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы тапсырыс хатпен алған кезде өтініштерді есепке алу карточкасының «Бірегей нөмір» 7-деректемесінде субъект пошта байланысы бөлімінде берілген 13-таңбалы штрихті пошта идентификаторын (бұдан әрі – ШПИ) енгізеді және оған «55555» символдарын қосады.
      Мысалы, мемлекеттік органға Астана почтамтының Шұғыл операциялық учаскесі (ШОУ) арқылы келіп түскен өтініштің бірегей нөмірі мынадай түрде жазылады: RB012218257KZ55555. Бұл жағдайда алғашқы 13 символ – ШОУ коды және қосымша «55555».»;
      5-тармақтың төртінші бөлігінен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Өтінішті бірнеше мемлекеттік органдар қарастырған кезде, жауапты тікелей өтініш берушіге беретін мемлекеттік органмен өтінішті есепке алу карточкасы қойылады. Сонымен қатар мемлекеттік орган (жинақтаушы) өтінішті «Азаматтардың өтініштері» автоматтандырылған базасында тіркейді, қалған бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар өтініштерді «Қызметтік корреспонденция» автоматтандырылған базасында тіркейді.
      Сондай-ақ бірлесіп орындаушылар ақпаратты бірінші орындаушыға он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынады (Заңның 9-бабының 2-тармағы).
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы, сондай-ақ бұрын тіркеліп, шешім қабылданған өтініштер бойынша есепке алу мәліметтерін Комитетке және оның аумақтық органдарына субъектінің ведомстволық ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді шығару жолымен күн сайын электрондық форматта ұсынады.
      Есептік кезеңде тіркелген өтініштер жоқ болған жағдайда, субъект Комитетке немесе оның аумақтық органдарына тиісті хат жолдайды.»;
      12-тармақта:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-деректемеде: осы Ереженің 4-тармағының 2 және 5-бөліктерінің талаптарына сәйкес толтырылатын бірегей нөмір талонда көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс (талон нөмірі болмаған жағдайда толтырылуы міндетті емес);»;
      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-деректемеде: өтініш жіберген субъектінің, лауазымды тұлғаның атауы. Деректеме тек жеке немесе заңды тұлғаның өтініші өзге мемлекеттік органнан немесе құзіреті не аумақтылығы бойынша басқа да органнан қайта жолданған жағдайда ғана толтырылады (өтінішті жолдаған субъектінің коды мемлекеттік органдардың анықтамалығынан көрсетіледі немесе болмаған жағдайда қолдан теріледі) (толтырылуы міндетті емес);»;
      он тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «19.1-деректемеде: тоқтату туралы өтінішхат келіп түсті (осы деректемені толтыру кезінде 24*, 27* және 28*-деректемелер толтырылмайды) (міндетті емес, бар болса толтырылады). Өтінішхат тіркелгеннен кейін негізгі өтінішке қоса тіркеледі;
      жиырма жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «24.1-деректемеде: өтініш берушіге жолданған жауаптың дәл мәні енгізіледі. Сонымен бірге жауаптың түпнұсқасы қосымшаларымен бірге өтініш авторына жеткізудің тиісті тәсілдерімен жолданады (қолма-қол, пошта қызметімен, электрондық поштамен) (толтырылуы міндетті). Бұл деректеме 24-деректеме толтырылған жағдайда толтырылады;
      24.1-деректеме Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін және Премьер-Министр Кеңсесін қоспағанда барлық субъектілермен толтырылады;»;
      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-деректемеде: шешімнің қабылданған немесе өтініштің басқа органға қайта жіберілген күні (толтырылуы міндетті);»;
      2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      7-қосымшада:
      5-тармақты 3) тармақшамен келесі редакцияда толықтырылсын:
      3) «Заңның 10-бабы 2-тармағы қандай да талаптар, өтінішхаттар, сұраулар немесе ұсыныстар болмаған кезде»;
      Аталған бұйрықтың 3-қосымшасында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Аймақ бойынша есептер тексерілген соң және оған аумақтық органның басшысы қол қойғаннан кейін электрондық құжаттар айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жолданады.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағымдарды қоспағанда, бір мемлекеттік органнан екіншіге келіп түскен қызметтік құжаттар, сондай-ақ өтініштердің көшірмелері есепте көрсетуге жатпайды.»;
      15-тармақтың отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бағанда – осы мемлекеттік органда өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдар саны;
      37-бағанда – осы мемлекеттік органда өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар саны;»;
      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) 2-бағанның көрсеткіші 3, 4, 7, 8-бағандардың сомасынан артық немесе тең;»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Логикалық бақылау шарттары:
      1) 1-жол 2-68, 73 және 74-жолдардың сомасына тең;
      2) 68-жол 69-72-жолдардың сомасынан артық немесе тең.».
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етcін;
      2) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және жұмыста пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    А. Дауылбаев

Жоба

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының   
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 158 бұйрығына қосымша 

Жеке және заңды тұлғалардың 
өтініштерін есепке алу Ережесіне
2-қосымша           

Нысан

Жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу
КАРТОЧКАСЫ

I бөлім. Карточканың базалық деректемелері

1.* Өтінішті тіркеген субъектінің (лауазымды тұлғаның) коды және атауы
_____________________________________________________________________
       (мемлекеттік органдардың анықтамалығынан 1 рет толтырылады)
2.* Тегі (жүгінушінің)_______________________________________________
3.* Аты (жүгінушінің) _______________________________________________
4.* Пошта мекенжайы (жүгінушінің) ___________________________________
5.* Жүгінуші заңды тұлға атауы ______________________________________
6. Жүгінген адамның әлеуметтік мәртебесі (көрсетілетін болса міндетті болса)_____ (анықтамалық бойынша коды, 4-қосымша)
7. Бірегей нөмір _______________

II бөлім. Тіркеу кезінде немесе қайта келіп
түскен кезде толтырылатын карточка

8.* Тіркеу нөмірі және тіркеу күні ________ «___»___________ 20__ ж.
9. Шығыс нөмірі және өтінішті қарайтын субъектіге өтінішті жіберу күні (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады) (іс жүргізуді заңды тұлғада тіркеу бойынша) _______
10.* Өтініштің нысаны: (1) – қағаз түрінде, (2) - электрондық, (3) – жеке қабылдауда;
11. Қайталанған өтініштің себебі (міндетті емес, анықтамалықтан толтырылады, 5-қосымша)
12. Өтініштің көшірме данасының белгісі (міндетті емес, өтініштің көшірме данасы болса толтырылады) ____ (1, 2 және әрі қарай көшірме даналардың саны бойынша)
13.* Өтініштің түрі: ___ (анықтамалықтан толтырылады, 6-қосымша)
14.* Өтініштің тілі _____ (1) - мемлекеттік, (2) - ресми, (3) - өзге
15.* Іс-әрекеті шағымдалған органның атауы __________________________
(мемлекеттік органдардың анықтамалығынан толтырылады);
16. Іс-әрекеті шағымдалған лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні (өтініште көрсетілген болса) (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады)
_____________________________________________________________________
17.* Өтініш сұрағының сипаты ______________(өтініш сұрақтарының коды
ЭҚАБЖ-нде қолданылатын сұрақтар сипатының анықтамалығына сәйкес көрсетіледі)
18. Өтініш келіп түсті (міндетті емес, егер өтініш басқа мемлекеттік органнан, өзге лауазымды тұлғадан келіп түскен болса, толтырылады): _______ (субъектінің коды және атауы мемлекеттік органдардың анықтамалығынан немесе болмаған жағдайда – қолмен толтырылады)
19.* Өтініш жоғары тұрған органнан келіп түсті: иә___ жоқ___ (міндетті)
19.1. Тоқтату туралы өтінішхат келіп түсті (осы деректемені толтыру кезінде 24*, 27* және 28*-деректемелер толтырылмайды) (міндетті емес, бар болса толтырылады). Өтінішхат тіркегеннен кейін негізгі өтінішхатқа қоса тіркеледі.
20.* Өтініштің қысқаша мазмұны (аңдатпа) бұрыштама (өтініш мазмұнын толтыру міндетті, қалғаны пайдаланушының қарауына)
_____________________________________________________________________
21.* Өтінішті қарау мерзімі «__»_________20__ж. (автоматты түрде бағдарламамен 15 күнге мерзім белгіленеді, егер заңнамамен басқа мерзім көзделсе, орындаушының басқа орындау күнін ою мүмкіндігі бар)
22.* Өтінішті орындаушы және телефон нөмірі _________________________
_____________________________________________________________________
                 (Субъект қызметкерінің(лерінің) Т.А.Ә.)

III бөлім. Өтінішті орындау кезінде немесе орындап
болғаннан кейін толтырылатын карточка

23. Өтініш жолданды (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады) (егер өтініш басқа органға жолданса): (1) – төмен тұрған органға; (2) – жоғары тұрған органға, (3) – ведомстволық бағынысы бойынша; (4) – өзге елдердің мемлекеттік органдарына, (5) – сұрау жолданды (өтінішті қарау барысында сұрау жолданған жағдайда толтырылады).
23.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес өтініш келіп түскен мемлекеттік органның коды және атауы.
23.2. ӨАЕК-нда тіркелген өтінішті тіркеу № (құқық қорғау және арнайы органдарға ғана) ___________________;
23.3. ӨАЕК-нда тіркелген өтінішті тіркеу күні (құқық қорғау және арнайы органдарға ғана)__________________;
24.* Өтініш бойынша шешім: ___ (анықтамалықтан толтырылады, Ереженің 7-қосымшасы)
24.1.* Өтініш берушіге жолданған жауаптың мәні (3100 символдан артық емес). 24-деректеме толтырылған жағдайда толтырылады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
25. Сұрау жолданды: _____ (өтінішті қарау барысында өзге органға сұрау жолданған кезде толтырылады).
25.1. Сұрау жолдау күні «_____» _______________20___ ж.
26. Сұрауды ұзарту күні «__»_________20__ ж. (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады).
27.* Қабылданған шешім немесе өтінішті өзге органға қайта жолдау күні (толтырылуы міндетті) «___»_______ 20__ ж.
28.* Шығыс нөмірі _______________________
29. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдар саны ___ (міндетті емес)
30. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар саны ___ (міндетті емес)
31. ААЖ-не мәліметтерді енгізген субъект (бағдарлама автоматтық толтырады)
___________________________________________________________________
             (субъект қызметкерінің тегі, аты-жөні)
      Ескертпе: *міндетті толтыруға жататын деректемелер белгіленген