Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 21-6 шешімімен (
алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:
8 тармақтағы "11 тармақтың санамаланған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес" деген сөздерге алмастырылсын;
11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген.";
19 тармақ алынып тасталсын;
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасының қосымшасында:
"Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы"
жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы".
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы |
Қ. Тюстюкпаев |
Күршім аудандық |
|
мәслихаттың хатшысы |
Қ. Әбілмәжінов |