Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 2967 "2014 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы N 8391 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 02 желтоқсанда N 3568 болып тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппаратының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы N Шн-5/612 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппаратының 21.12.2015 N Шн-5/612 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге және қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "2014 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 2967 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3157 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
       1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      

Өскемен қаласы әкімінің
 
міндетін атқарушы
В. Головатюк