Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 27-178-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда № 2667 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-34-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-34-VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2416 тіркелген, 2013 жылдың 09 желтоқсанындағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      мынадай өзгеріс енгізілсін:
      9-тармақтың 4) тармақшасындағы "6" деген сан "28" деген санға алмастырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б.Серманизов
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков