Қазығұрт ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 501 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қаңтарда № 2954 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 маусымдағы № 61 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қақпатас ауылдық округіне қарасты Қақпатас ауылындағы жаңа көшеге "Жыланкөзбай Жантеліұлы" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қақпатас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - әскери есеп столының инспекторы Д. Кумбашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі С. Естаев