"Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 2609 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 2917 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 мамырдағы № 808 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 24.02.2016 № А-2/66 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      3) мигранттар;
      4) азаматтық қызметтен босатылғандар;
      5) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері;
      6) ауырғаннан кейін емделу курсынан өткен, туберкулезбен ауыратын тұлғалар;
      7) 50 жастан жоғары тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев