Жарқайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылғандығын тану туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № А-2/66 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Көкшетау қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Көкшетау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № А-11/2062 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3893 болып тіркелген, 2013 жылдың 27 қарашасында "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Маржықпаев