Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/193-5с "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 40/272-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 2835 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7/64-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 21.09.2016 № 7/64-6с шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/193-5с "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2501 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
       7 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "2) 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" орай - "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мынадай мазмұндағы 7 тармағының 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) 21-23 Наурызда (Наурыз мейрамы) - Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
       7 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
       "7 мамыр "Отан қорғаушы күні" - жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
       1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
       Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
       7 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "4) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңның 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
       9 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "4) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, өмір сапасын жақсартуға, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Ниязов
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров