Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 81 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 257 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 3003 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 21.10.2015325 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 81 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2899 тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "прекрсорлардың" сөзі "прекурсорлардың" сөзімен ауыстырылсын, орысша мәтін өзгермейді.
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
      5-тармақта:
      3) тармақшаның сегізінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Лицензиялау бойынша маман "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады және басшыға қол қоюға береді – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 14 (он төрт) жұмыс күнінен, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 9 (тоғыз) жұмыс күнінен, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей.";
      келесі мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.";
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
      5-тармақта:
      3) тармақшаның сегізінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Лицензиялау бойынша маман "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады және басшыға қол қоюға береді - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 14 (он төрт) жұмыс күнінен, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 9 (тоғыз) жұмыс күнінен, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей.";
      келесі мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. "Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.";
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
      5-тармақта:
      3) тармақшаның сегізінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Лицензиялау бойынша маман "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады және басшыға қол қоюға береді – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 14 (он төрт) жұмыс күнінен, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 9 (тоғыз) жұмыс күнінен, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей.";
      келесі мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. "Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.";
      осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Б. Ізмұхамбетов

      

  Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 257
қаулысына 1-қосымша
"Медициналық қызметке
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 257
қаулысына 2-қосымша
"Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл схемасы

      


  Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 257
қаулысына 3-қосымша
"Фармацевтикалық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

"Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 257
қаулысына 4-қосымша
"Фармацевтикалық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл схемасы

      


  Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 257
қаулысына 5-қосымша
"Денсаулық сақтау саласындағы
есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметке лицензиялар беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

"Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 тамыздағы № 257
қаулысына 6-қосымша
"Денсаулық сақтау саласындағы
есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметке лицензиялар беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл схемасы