"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 211 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 тамызда № 2971 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 194 қаулысымен

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен жалпы алаңы 2597,2 шаршы метр, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Пионер көшесі, № 34 үй мекенжайында орналасқан қоймасы бар ғимарат заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Реcпубликасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов