Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы N 25/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда N 2580 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 44/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 23.12.2015 N 44/4 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының ХХV сессиясының
төрағасы
Е. Кузичева
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
С. Ескендіров

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/1 шешімімен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұратын әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (одан әрі - Қағида), әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін, мөлшерлерін белгілейді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Сергеевка қаласы әкімінің немесе селолық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда Шал ақын ауданының әкімдігі көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек біржолғы көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) жетімдік;
      2) ата-ана қамқоршылығының болмауы;
      3) кәмелет жасына толмағандардың қараусыздығы, оның ішінде девианттық мінез-құлқы;
      4) балалардың туғанынан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндіктерінің шектеулігі;
      5) физикалық және (немесе) ақыл-ой мүмкіндігі себебінен ағза функциясының тұрақты бұзылуы;
      6) әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекетінің шектеулігі;
      7) жасы ұлғайғандықтан, ауырған ауру салдарынан және (немесе) мүгедектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмау;
      8) әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға соққан қатал ұстау;
      9) баспанасыздық (тұрақты тұратын баспанасы жоқ тұлғалар);
      10) бас бостандығын айыратын жерден босатылу;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұру;
      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурудың бар болуы;
      13) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты белгілейтін шектен аспайтын ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
      14) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      15) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 29.08.2014 N 31/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару барысында азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысында көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек Алушылардан өтініштер талап етпей, уәкілетті орган немесе басқа да мекемелер ұсынумен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, село, селолық округ әкіміне өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәлімет;
      4) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәлімет;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
      13. Құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде салыстырып тексеру үшін ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскенде уәкілетті орган немесе кент, село, селолық округінің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, село, селолық округ әкіміне жолдайды.
      Селолық округ, кент, село әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жолдайды.
      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
      2) өтініш беруші тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда;
      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқанда.
      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
      1) Алушының қайтыс болуы;
      2) Алушының Шал ақын аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;
      3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберуі;
      4) Алушының ұсынған мәліметтердің дәйексіздігінің анықталуы.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігінің
Тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 31.03.2014 N 36/4 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ т/т
Естелік даталар мен мерекелік күндер
Азаматтардың санаттары
Әлеуметтік көмек бөлгіштігі мен көлемі, (Айлық Есептік Көрсеткіш)
1
15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан бұрыңғы КСРО әскерін шығару күні"
Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әскери қызметкерлері, басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарда қатысқан бұрыңғы ССР Одағы (әскери мамандар мен кеңесшілерді қосқанда) ішкі істер Министрлігі құрамының басшысы мен қатардағы тұлғалар; жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу кезіндегі Ауғанстанға бағытталған және оқу жиылымдарына шақырылған әскери міндеттілер; жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу кезіндегі бұл елге жүктерді жеткізуге Ауғанстанға бағытталған әскери міндетті автокөлік батальондары; бұрыңғы ССР Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік іс-қимылдармен ұшқан әскери міндеттілердің ұшқыш құрамы; мертіккен немесе зақымданған, жараланған Ауғанстандағы совет әскери құрамына қызмет еткен жұмысшылар мен қызметкерлер немесе жауынгерлік іс-қимылдарды қамтуда қатысқаны үшін бұрыңғы ССР Одағы медаль және ордендарымен марапатталғандар.
15 АЕК,
жылына 1 рет
15 АЕК,
жылына 1 рет
15 АЕК,
жылына 1 рет
15 АЕК,
жылына 1 рет
15 АЕК,
жылына 1 рет
15 АЕК,
жылына 1 рет
Жауынгерлік іс-қимылдар жүрген Ауғанстанда немес басқа мемлекеттерде әскери қызметін өтеу кезіндегі фронтта болған аурулар салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде, бұрыңғы ССР Одағын қорғау кезінде мертіккен, зақымданған, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметкерлер.
Жауынгерлік іс-қимылдар кезінде алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан мүгедек болған басқа елдердегі әскери құрамдарындағы сәйкес санаттағы жұмысшылар мен қызметкерлер.
Жауынгерлік іс-қимылдар болған Ауғанстан немесе басқа мемлекеттерде жауынгерлік іс-қимылдар кезінде алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан алған зақымдар, мертігу немесе аурулар салдарынан қаза болған (хабарсыз жоғалған) өлген әскери қызметшілердің отбасылары
Жауынгерлік іс-қимылдар кезінде басқа қалаларда және 1979 жылдың 1 желтоқсанынан 1989 жылдың желтоқсанына дейін Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
Совет әскерінің шектелген құрамына кірмейтін және Ауғанстан аумағында уақытша болған бұрыңғы ССР Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.
2
 
8 наурыз-"Халықаралық әйелдер күні"
 
Көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" орденімен марапатталғандар немесе бұдан бұрын "Батыр-Ана" атағын алғандар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
3
 
26 сәуір -"Чернобыль атомдық электростансасындағы апатты еске алу күн"
1986-1987 жылдары Чернобыль атомдық электростансасындағы зардаптары салдарын жоюға, басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарға, сонымен қатар ядролық зерттеулер мен оқуларға қатысқан тұлғалар.
15 АЕК
жылына 1 рет
15 АЕК
жылына 1 рет
15 АЕК
жылына 1 рет
15 АЕК
жылына 1 рет
15 АЕК
жылына 1 рет
 
Чернобыль атомдық электростансасындағы апатының және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптар, ядролық қару зерттеуі және олардың балалары ата-ананың біреуі радиациялық сәулеге байланысты мүгедек болған тұлғалар.
Чернобыль атомдық электростансасындағы апатын және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарын жою салдарынан қайтқан тұлғалардың отбасылары.
Чернобыль атомдық электростансасындағы апатының және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптардың ықпалына байланысты белгіленген тізімде қаза болған азаматтар, сонымен қатар сәулелердің салдарынан ауру болып және мүгедек болып қаза болғандардың отбасылары.
1988-1989 жылдары Чернобыль атомдық электростансасындағы зардаптары салдарын жоюға қатысқан, Қазақстан Республикасына мүлкін алу және жер аудару зоналарынан көшірілген (өздігінен кеткен), көшіру күні ішіндегі жағдайда болған балаларын қосқанда тұлғалар
4
9 мамыр – "Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күні"
 
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері
50 АЕК, жылына 1 рет (2015 жылғы 9 мамырынан басқа)
Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде бұрыңғы ССР Одағы мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер қатарындағы басшы тұлғалар және әскери қызметкерлер.
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде қолданыстағы әскер құрамына кіретін, штабтар, әскери бөлімдерде штаттық лауазымдағылар, бұрыңғы ССР Одағы мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер органдары мен әскер, Әскери-Теңіз Флоты, Совет Армиясының құрамындағы еркін жалдамалы тұлғалар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленуші) юнга ретінде флот және армия құрамына кіретін штабтар мен мекемелер құрамына кірген тұлғалар
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
Фашистке қарсы және басқа астыртын партизандар отряды құрамындағы фашистік Германия және оның одақтастарына қарсы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шет елдік елдерде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан тұлғалар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
Басқа мемлекеттер порттарында Ұлы Отан соғысы басында құрылған су флоты экипажы мүшелері, Ұлы Отан соғысы кезінде ағымдағы фронттар шекарасында тапсырмаларды орындау және әскери қызметші ретіндегі, бұрыңғы КСР Одағы балық өнеркәсібінің халық коммисариаты, ұшу авиация және көлік және кәсіпшілік құрамдағы байланысты Халық комиссариаты, хабарлау жолындағы Халық комиссариаты арнайы құрылған жұмысшылар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
Қаланың ұйымдары мен мекемелерінде Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медельмен және "Блокадтық ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен оның одақтастарымен құрылған концлагерь, гетто мен мәжбүрлеу орындарының кәмілетке толмаған бұрыңғы тұтқындар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
Бұрыңғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары құрамындағы қатардағы және басшы тұлғалалар, жауынгерлік іс-шаралар болған фронтта мемлекеттегі қызметтік міндеттерді орындау немесе фронтта болуына байланысты немесе қызметін атқару кезінде мертігу, зақым алу және жаралану салдарынган мүгедек болғандар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Украин КСР, Белорус КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумағында халықты қорғау жауынгерлері және атқыштар батальоны, взводы мен отрядтарында соғыс жүргізген, осы батальондардың, взводтар мен отрядтардың қызметін атқару кезінде мүгедек болған, зақым алған, контузия алған тұлғалар.
5 АЕК,
жылына 1 рет
Ұлы Отан соғысында жергілікті әуеге қарсы қорғаныстың апаттық командасы мен нысандардың қорғаныс тобының жеке құрамында қаза болғандардың отбасылары, Ленинград қаласының госпиталі мен ауруханаларының қаза болған жұмысшыларының отбасылары.
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурулардың, еңбек зақымдарының және басқа да себептердің (құқыққа қарсыдан басқа) нәтижесінде мүгедек болып танылғандар, қаза болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдардың басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сонымен қатар қаза болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың әйелдері (күйеулері)
5 АЕК,
жылына 1 рет
 
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен жақсы әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдармен марапатталған тұлғалар
5 АЕК,
жылына 1 рет (2015 жылғы 9 мамырдан басқа)
 
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларды шығарып салушыларға, қайтқан жауынгерлер жерленген жерлерге Тәуелсіз Мемлекеттер Достатығы елдеріне баруға әр адамға көрсеткіші көлемінде шығыстар төлену.
ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің және оны алып жүрген тұлғаның жол жүру құнының 100% (2015 жылғы 9 мамыр)
5
2015 жылғы 9 мамыр- "Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күні"
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен жақсы әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдармен марапатталған тұлғалар
100 АЕК
25 АЕК
6
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
Қоғамға қарсы әрекеттерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындау кезінде қаза (қайтыс) болған, Қорғаныс министрлігінің, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндетіне шақырылған әскери қызметшілердің, басшылық және қатардағы құрамдағылардың отбасылары
5 АЕК,
жылына 1 рет
5 АЕК,
жылына 1 рет
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеп жүргенде қаза (қайтыс) болған әскери қызметшілердің отбасылары.
7
31 мамыр - "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
Бұрынғы КСРО аумағында саяси қуғын-сүргінге тап болған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар
15 АЕК,
жылына 1 рет
 
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы.
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы.
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы.
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Ішкі істер халық комиссариаты – Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі - Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСРО Прокуратурасы мен КСРО ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы.
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.
15 АЕК,
жылына 1 рет
 
КСР Одағы мемлекеттік үкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.
15 АЕК,
жылына 1 рет
 
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады.
3 АЕК,
жылына 1 рет
 
8
30 тамыз - "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
Қазақстан Республикасының ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңыздағы дербес зейнеткер дәрежесіндегі зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
10 АЕК,
жылына 1 рет
 

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайы туындауғанда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
Тізбегі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 29.08.2014 N 31/1 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).

№ р/н
Әлеуметтік көмекті алушылар санаты
Әлеуметтік көмектің шекті көлемі
Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі
1
Жетімдер;
ата-ана қамқоршылығынан айырылғандар;
қараусыз кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлығы барлар;
туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық дамуының мүмкіндігі шектеулі балалар;
әлеуметтік мәні бар ауру және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекетінің шектеулі тұлғалар;
жасы ұлғайған шақтыққа, ауырған ауру салдарына және (немесе) мүгедектікке байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын тіршілік әрекеті шектелген тұлғалар;
әлеуметтік дезадаптация және әлеуметтік депривацияға әкелген қатал ұстаудан азап шеккен тұлғалар;
баспанасыздар (тұрақты тұратын баспанасыз тұлға);
бас бостандығын айыратын жерден босатылған тұлғалар;
қылмыстық-атқару инспекциясының пробация есебі қызметінде тұрған
10 айлық есептік көрсеткіштен көп емес
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес
2
Шал ақын аумағында тұратын Төтенше жағдайға ұшырап, зардап шеккен отбасыларға, (мүгедек балалар), орташа кіріспен 1,5 ең төменгі күн көріс мөлшері
60 айлық есептік көрсеткіш
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес
3
Қазақстан Республикасының аймағында ең төменгі күн көріс мөлшері 1 азқамтылған отбастары, орташа табысты, және де балаларын жоғары білім алуға мүмкіншілігі жоқ, табыс жиынтығы күнкөріс деңгей шегінен төмен азаматтар.
Оқу жылына сәйкес оқу төлем ақысы
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес
4
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында тұратын әлеуметтік маңызды ауруы бар(белсенді туберкулез ауруы гемодиализ) азаматтар
5 айлық есептік көрсеткіш
Қиын өмір жағдайы туған күннен 6 айдан кеш емес

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

            Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ ________________________
      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
      отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
       органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
       (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша

            Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

       20__ ж. "___" _______
       _____________________
      (елді мекен)
       1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
       2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
      __________________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
      өмірлік қиын жағдай
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
       4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
      адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.
Туған күні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
       Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____
      адам.
       Балалардың саны: ______________________________________________
       жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
      адам, оқу құны жылына ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
      мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
      мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
      қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
      туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
      мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
      қосу керек)
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
      жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
      кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
      __________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      6. Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
      құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
      __________________________________________________________________
      _______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
      жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
      мәлімделген табыс) __________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
      қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
      __________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
       ________________________ ________________________
      Комиссия мүшелері:
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
       ________________________ ________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
      берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
      __________________________________________________________________
      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша

            Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

       20__ ж. ___ ______
      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
      белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
      айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
      байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
      __________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
      және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
      нәтижелерінің негізінде
      __________________________________________________________________
      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
      әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
       Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
       Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
       __________________ _______________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Қорытынды
       қоса берілген құжаттармен ___ данада
       20__ ж. "___" ___________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
       уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________