Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 201 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде N 2862 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы N 309 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 3 шілдедегі № 121-V Конституциялық Заңына сәйкес, Әулиекөл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әулиекөл ауылы әкімінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 3 "Әулиекөл селосының көшесіне қайта атау туралы" шешіміне, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-108 тіркелген, 2010 жылғы 10 қаңтарында "Әулиекөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тіл тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы" деген сөз "ауылындағы" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

                                                 Д. Кусайнов