"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 маусымдағы N 172 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 шілдеде N 2846 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі N 282 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 598-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесінде:
      17-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін сыйақы;
      калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін сыйақы белгіленеді.»;
      21-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов