Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 5-2/462 санды ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің 2014 жылдың 10 маусымындағы № 1 "Благодар ауылдық округінің Өлке ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3947 болып тiркелген, 2014 жылдың 17 маусымындағы облыстық "Ақтөбе" газетінде және 2014 жылдың 19 маусымында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Благодар ауылдық округінің әкімі Б.Дарин