"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 шілдеде № 9608 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 426 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 1 "Асенкритов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-162 тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селоларының", "селосының", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары", "ауылдарының", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Асенкритов ауылдық
      округінің әкімі                            А. Бердалинов