Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 124-28-5 шешіміне өзгерістер

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 169-32-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қарашада № 4167 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі N 12-3-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 20.04.2016 N 12-3-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 124-28-5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы шешімнің кіріспе сөзбасында "11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына" сөздер "11-, 16 - баптарына" деген сөздерге ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек деген өкілетті органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондайақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";
      6-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазан айының 2 жексенбісі;";
      Қағидаларға қосымша болып табылатын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері мен алушылар санатының Тізбесіне:
      1-тармақта:
      5) тармақшада:
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "ең аз мөлшердегі зейнетақы тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар";
      "ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған сексен жастағы және одан асқан азаматтар;";
      6) тармақшада:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылар;";
      9) тармақшада:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған он екі аптаға дейін мерзімдегі жүкті әйелдер, барлық жүктілік мерзіміне;";
      2-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш негізінде, шығын сметасына және алушының мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес Жеңістің 70 - жылдығына тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге, бірақ 324 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінен артық емес;";
      3-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында, 9 АЕК дейін мөлшерінде, сондай-ақ ұсынылған жол жүру құжаттарына сәйкес медициналық мекемемен берілген жолдама негізінде, тексерілу және/немесе кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайынан Ертіс ауылына және/немесе Павлодар қаласына дейін және кері қайту жолына жол жүру шығындарын төлеуге; ".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ. Усин
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев