Облыстық мәслихаттың (V сайланған XXVI (кезектен тыс) сессиясы) 2013 жылғы 13 желтоқсандағы "2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 198/26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 300/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 4225 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121- V Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Бестау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бестау ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 3 «Бестау ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-114 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 тамыздағы «Қобда» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкіміГ.Жаманова