Мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 227 "Рудный қаласының 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 300 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 тамызда № 4990 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiнде:
      6-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бәсекелес темір жол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру.»;
      12-тармақта:
      «сумен жабдықтау қызметтерi» мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегiмен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов