Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.18 № 403 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1.
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
06 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
1 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 14-ерекшелікпен толықтырылсын:
«14 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар»:
101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«009 Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»;
120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«013 Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»;
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«013 Республикалық маңызы бар қала, астана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
718 «Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
034 «Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
3 «Мамандандырылған медициналық көмек» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«027 Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«027 Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау»;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
262 «Облыстың мәдениет басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
016 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бюджеттік бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2.
Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.
Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр |
Е. Досаев |