"2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы"

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 24/247 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 2596 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 09.12.2015 № 305 қаулысымен.
      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегйі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы "29" желтоқсандағы
№ 373 қаулысымен бекітілген

Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөлігімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол бөлігімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылдың 17 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол бөлігімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақылы жүруді ұйымдастырушы – автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
      2) ақылы жүруді ұйымдастыру – қазіргі заманғы ақы төлеу тәсілдерін, автокөлік құралдарының габариттерін, салмағын айқындайтын техникалық құралдарды пайдалану арқылы облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдары (жол бөліктері) бойынша жүріп өту үшін ақы алу процесі;
      3) ақы алу пунткі – облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарында (жол бөліктерінде) орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;
      4) POS-терминал – жүріп өту үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
      5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп, ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) шыққан автокөлік құралдарын сәйкестендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының (жол бөліктерінің) бойында орналасқан техникалық құралдар;
      6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралы ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолы (жол бөлігі) бойынша жүріп өту үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;
      7) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөліктерімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібі

      3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыру облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарына (жол бөліктеріне) кіру мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пункттерінде жүзеге асырылады.
      4. Облыстық және аудандық маңызы бар қылы автомобиль жолымен (жол бөлігімен) жүріп өту автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионермен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырылады. Облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
      5. Облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылардан жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлеме бойынша алынады.
      6. Облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолы (жол бөлігі) бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
      7. Ақылы жүруді ұйымдастырушыға облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін) пайдаланушылар үшін жүріп өтуге ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз ету ұсынылады:
      1) артық ақшаны қайтарып беретін POS-терминалға қолма-қол ақшаны төлеу арқылы берілетін ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжатпен;
      2) POS-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;
      3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.
      8. Ақылы жүруді ұйымдастырушыға облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) шығу алдында ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) шығу туралы ақпараттық табло орнату ұсынылады. Ақпараттық таблода сондай-ақ мынадай ақпарат орналастыру ұсынылады:
      1) ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөліктерімен) жүріп өту үшін ақы мөшерлемелері;
      2) жол бөлігінің ұзындығы;
      3) жүріп өту үшін ақы төлеудің тәсілдері;
      4) ақылы жолдарды (жол бөліктерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;
      5) басқа да пайдалы ақпарат.
      9. Ақылы жүруді ұйымдастырушыға ақы алу пункттерінде өз өкілдері болуы ұсынылады, олар облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөліктерімен) жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме береді.
      10. Облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөліктерімен) автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы жүруді ұйымдастырушыға ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай етіп қамтамасыз ету ұсынылады.
      11. Облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөліктерімен) жүріп өту үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін, ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін) пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқауға сәйкес пайдаланады.
      12. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол бөлігімен) жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты ақылы жүруді ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекен-жайы бойынша жібереді.
      13. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы жүруді ұйымдастырушыға сәйкестендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асыру ұсынылады.
      Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.
      14. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін) нақты пайдаланғанын растау болып табылады және құпия ақпарат болып табылады.
      Ақылы жүруді ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектеу ұсынылады. Деректер ақылы жүруді ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.
      15. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолы (жол бөлігі) арқылы өту кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.
      16. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолынан (жол бөлігінен) шығып кеткен жағдайда жүріп өту үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.
      17. Автокөлік құралы облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол бөліктерімен) басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.
      18. Облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін), оның ішінде концессияға берілген облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (жол бөліктерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
      1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде: жедел медициналық жәрдем ұйымдарының; өртке қарсы қызметтің; авариялық-құтқару қызметтерінің; жол-патруль қызметінің; әкери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
      2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол бөліктеріне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар; ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
      жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауыл шаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін; ақылы автомобиль жолына (жол бөлігіне) іргелес аудандардың жеке заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдерді бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.