Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 "Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/329 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 2590 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/434 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 29/434 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2348 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      «6. Ортақ пайдаланудағы аумақтарды, жүргіншілер жолын, өтетін жолдарды тазарту» тарауындағы:
      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Магистральді жолдар бойына орналасқан немесе олардан көгал арқылы бөлінген тротуарларды, сондай-ақ жағалауға іргелес тротуарларды тазартуды аумақты абаттандыру, тазалау және күтіп-ұстау паспорттарына сәйкес тротуарларды күтіп-ұстауға жауапты немесе аталған жұмыстарды конкурста жеңіп алған жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.».
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Б. Сарман
      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетi
      Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Қ.Ш. Мырзатов
      11 желтоқсан 2014 жыл
 
 

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
      министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитеті Маңғыстау облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті»
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Ж. Қадыр
      11 желтоқсан 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының жер
      қатынастары басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Е.Д. Дүзмағамбетов
      11 желтоқсан 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының құрылыс
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      О.С. Аяпов
      11 желтоқсан 2014 жыл

      «Маңғыстау облысының сәулет және
      қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Н.М. Жайлау
      11 желтоқсан 2014 жыл
 
 

      «Маңғыстау облысының
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін уақытша атқарушы
      Б.Д. Ұлықпанов
      11 желтоқсан 2014 жыл
 
 

      «Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Маңғыстау облысының
      iшкi iстер департаментi»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.С. Дәлбеков
      11 желтоқсан 2014 жыл