Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 23/201 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 шілдеде № 2673 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 21 (10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      17 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

К. Қошқарбаева

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Ә. Смағұлұлы