Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" ш

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі 28 сессиясының № 7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 2775 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларының 7 тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат
      хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асырушы                     Ш. Курбанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Бұқар жырау аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ________________ Н. Алексеева
      2014 жылғы 10 қыркүйек