"Субсидияланатын тыңайтқыштар, гербицидтердің түрлерін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 68/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 2894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 23/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 14.05.2015 № 23/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Субсидияланатын тыңайтқыштар, гербицидтердің түрлерін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/10 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2733 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте, 2014 жылғы 9 қыркүйекте № 157-158 (21678-21679) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 9 қыркүйекте № 171-172 (21806) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары мен түрлері осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков

      КЕЛІСІЛДІ
 
 

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________ А. Мамытбеков

      « » __________ 2014 жыл
 


Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 68/01 қаулысына
қосымша


Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 43/10 қаулысына
5 қосымша

Тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары мен түрлері
 

р/н №

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Тыңайтқыштардың құнын арзандату проценті, дейін

Сатылған тыңайтқыштардың субсидиялар нормалары, теңге

1

Удобрение Азотно-фосфорно-калийное
15:15:15 (Ресей)

тонна

30

26400

2

Аммофос (N-10% P 2O5-46%) (Өзбекстан)

тонна

30

30900