Қосымша мамандандырылған емдік өнімдерді беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі XХІV сессиясының № 278 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 cәуірде № 2592 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШТІ:

      1. Дәрілік зат амбулаториялық емдеу кезінде тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша:

      "Гомоцистинурия" диагнозы бар азаматтарға - мамандандырылған емдік өнімдер берілсін (рецепт бойынша).

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Әдекенов

Облыстық мәслихаттың хатшысы

Н. Дулатбеков