МВА және DBA кәсіптік білім беру бағдарламалары шеңберінде мамандарды даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 24 қазандағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 желтоқсанда № 9921 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 109 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.03.2019 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жалпыға міндетті білім беру стандартының 1-тарауының 5-тармағына және 2-тарауының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) 1-қосымшаға сәйкес МВА кәсіптік білім беру бағдарламалары шеңберінде мамандарды даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптар;

      2) 2-қосымшаға сәйкес DBA кәсіптік білім беру бағдарламалары шеңберінде мамандарды даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптар бекітілсін.

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Т. Балықбаев


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2014 жылғы 24 қазандағы
№ 441 бұйрығына
1-қосымша

МВА кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандарды
даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптар
1. Жалпы ереже

      1. Осы МВА кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандарды даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) іскерлік әкімшілік магистрлерін дайындаудағы білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – МВА бағдарламасы) мазмұны мен магистратура бітірушілерін дайындау деңгейінің жалпы әдістемелерін белгілейді.

      2. Талаптар жоғары білім беру саласындағы халықаралық құжаттармен үйлестірілген. "ECTS қолданушының басшылығы" (ECTS Users, Guide); ECTS бағдарламасының ұсыныстарымен, European Quality Link (EQUAL) "European MBA Guidelines" ұсыныстарымен, АМВА (Association of MBAs, Ұлыбритания) халықаралық ұйымының МВА бағдарламалары аккредитациясының өлшемдерімен.

      3. Талаптарды олардың ведомстволық бағынушылығына, ұйымдық-құқықтық түрі мен оқу түріне қарамастан, МВА бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды іске асыратын барлық ұйымдардың қолдануы мен сақтауы міндетті.

      4. Бұл құжатта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) бизнес-білім беру – мекемені басқаруға қатысатын және басқару міндеттерінің кешенді және функционалдыаралық сипаттағы жағдайында өздігінен шешім қабылдай алатын жоғары және орта топтардың жетекші-менеджерлерін дайындау жөніндегі ағартушылық қызмет;

      2) көшпелі модуль – магистранттардың МВА білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін шетелдік жоғары оқу орындарында, оның ішінде серіктес - ЖОО арқылы меңгеруі;

      3) магистрлік диссертация немесе жоба – ұжымды (мекемені) басқару мәселелерін жүйелі қарауға бағытталған қолданбалы сипаттағы МВА бағдарламасы бойынша магистранттардың өздік немесе топтық зерттеу жұмысы;

      4) МВА бағдарламасы – жетекшілік, стратегиялық басқару мен кәсіби оңтайландыруға өзінің тобының ортасында ұйымдастыру үрдісіне үлесін қосу үшін қажетті әрі айрықша тәжірибесі бар тұлғаларға арналған кәсіби дамудың жалпы (дженералистік) сипаттағы бағдарламасы;

      5) оқудың модулдық форматы – белгілі бір уақыт кезеңінде меңгерілген, білімді бақылаудың тиісті формасымен аяқталатын бір немесе бірнеше пәндерді қоса алғандағы оқу бағдарламасы мазмұнының логикалық аяқталған түрі;

      6) іскерлік әкімшілік магистрі – МВА бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже;

      7) еxecutive MBA (ЕМВА) – мақсатты аудиторияны ескере отырып, топ-менеджерлерді дайындауға бағытталған МВА бағдарламасы.

2. МВА білім беру бағдарламасының құрылымына мен мазмұнына
қойылатын талаптар

      5. МВА білім беру бағдарламасы ведомстволық бағынушылығы мен жекеменшік түріне қарамастан білім беру қызметін жүргізуге құқықтық лицензиясы және магистратураның "Іскерлік Әкімшілік" мамандығы бойынша лицензиясы бар жоғары оқу орнында (бұдан әрі - ЖОО) іске асырылады.

      6. ЖОО бағдарламаның өзіндік ерекшелігін, магистранттар тобының сипатамасын және олардың алған білімнің қорытынды нәтижелерін, сондай-ақ басқа да мақсатты бағдарларын ескеретін МВА бағдарламасының миссиясын жасайды.

      7. ЖОО оқыту нысаны мен технологиясын дербес анықтайды.

      8. МBA білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы 2 жыл, ал ЕМВА бағдарламасы бойынша – 1 жылдан кем емес.

      9. Білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын және олардың ара қатынасын, өлшемін және есебін көрсететін оқу және зерттеулік жұмыстардың әртүрлі оқу түрлері арқылы қалыптасады.

      10. Элективті пәндер тізбесі Ғылыми кеңеспен бекітіліп, дайындау және мамандану бағытына сәйкес өз бетінше ЖОО-мен анықталады. Міндетті компонентті пәндерді алып тастауға немесе кредиттер көлемін қысқартуға жол берілмейді.

      11. Таңдау компоненттері бойынша білімді, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін пәндер тізбесі ЖОО-мен өз бетінше анықталады.

      12. МВА білім беру бағдарламасының құрылымы сонымен қатар:

      1) тәжірибелік ұйғарымдары мен пікірлері бар магистрлік диссертация немесе жобаның орындалуын;

      2) магистранттардың эксперттік-зерттеулік жұмыстарын қарастырады.

      Магистрлік диссертация/жобада мекеме мен ұжымдарды басқарудағы мәселелердің кешенді функционалдыаралық қаралғандығы көрсетіледі.

      Магистрлік диссертация/жоба:

      1) қорғалып отырған диссертациялық жұмыс/жобаның маманданудың негізгі мәселелеріне сәйкес болуы;

      2) өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік мәнділігінің болуы;

      3) отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық және әдістемелік жетістіктеріне негізделуі;

      4) ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдануы;

      5) компьютерлік технологияларды қолдана отырып, өңдеудің жаңа әдістері мен берілген мәліметтер талдауларына негізделуі;

      6) қойылған мәселелерді шешу бойынша қорытынды мен ұсыныстар шығару қажет.

      13. МВА және Executive МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасының мазмұны 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      14. МВА білім беру бағдарламасы:

      1) кәсіби біліктілік және тұлғалық дамуды, жетекшілік қасиеттерді қалыптастыру пәндерін;

      2) кәсіптік тәжірибені (өндірістен қол үзіп оқитын тұлғалар үшін);

      3) магистрлік диссертация немесе жобаның орындалуын;

      4) қорытынды мемлекеттік аттестацияны құрайды.

      15. Кәсіптік біліктілікті қалыптастыратын білім беру бағдарламалары міндетті және элективті компонентті пәндерден тұрады.

      Элективті пәндер тізбесі белгілі бір бизнес-саласына арналған МВА бағдарламасының дайындау мен мамандану бағытына сәйкес анықталады.

      16. МВА білім беру бағдарламасы аясында магистрлерді дайындау әр түрлі бағыттар бойынша және жалпы профильді (general manager) кәсіптік басқаруға дайындау талаптарын орындаған жағдайда іске асырылады, сонымен қатар корпоративтік бағдарлама бойынша.

      17. Магистрант жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) міндетті компонент пәндерін және элективті пәндер каталогын (ЭПК) негізінде қалыптастырады. ЖОЖ магистранттың жеке білім траекториясын анықтайды.

3. МВА білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау
шарттарына қойылатын талаптар

      18. МВА бағдарламасындағы оқытушылық зерттеулік, ғылыми қызмет және консалтингтік басқару жүргізуге қатыстырылған профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі.

      19. Кадрлық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

      1) МВА, DBA, PhD дәрежелерінің болуы/оқытушылық құрамның ғылыми дәрежесі 75% кем болмауы;

      2) бизнестегі іс тәжірибелік қызметінің өтілі 5 жылдан кем емес оқытушылар 25%;

      3) оқытушы құрамының 15% шетелдік оқытушылар/шетелде тәжірибеден өткен немесе оқыған, бизнесті дамыту саласында фундаментальді, қолданбалы зерттеу жасағандар болуы.

      20. Оқу-әдістемелік қамсыздандыру талаптары.

      ЖОО магистранттардың білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруі үшін оқу үрдісін оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді. МВА бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, методикалық құралдар мен сабақ беретін пәндерінің, сонымен қатар диссертациялық жұмыстарының зерттемелеріне еркін кіруді қаматамасыз етеді.

      Оқу және кітапхана залдары Интернетпен, барынша кең таралған кәсіби периодикалық басылымдардан тұратын электронды мәліметтер базасымен жабдықталады.

      МВА бағдарламалары тыңдаушыларға оқу орнынан және оқу уақытынан тыс кездерінде онлайн-платформа арқылы қолдау көрсетеді.

      21. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету талаптары.

      МВА бағдарламасын іске асыратын ЖОО-ның қолданыстағы санитарлы-техникалық нормаларға сай, оқу жоспарында қарастырылған теориялық және практикалық дайындықтардың барлық түрін жүргізуге, сондай-ақ магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмыстарын тиімді орындауына қолайлы материалдық-техникалық базасы болуы қажет.

      ЖОО заманауи білім беру технологиялары мен қажетті әлеуметтік қызметтерді қолдану арқылы МВА бағдарламасын іске асыру жағдайымен қамтамасыз етеді.

4. МВА білім беру бағдарламасын ойдағыдай меңгерген тұлғаларды
дайындау деңгейіне қойылатын талаптар

      22. МВА түлектерінің басты құзыреттеріне қойылатын талаптар.

      МВА бағдарламасы түлегінің құзыреттері төмендегідей білім мен біліктілікпен анықталады:

      1) заманауи нарықтық ортада ұжым қызметінің стратегиялық ұстаным жағынан бизнесті басқару мәнін;

      2) мүдделі жақтармен (стейкхолдерлермен) ұйымның жабдықтарын, олардың өзара әрекет ету механизмдерін, ұзақмерзімді жоспарларымен сыртқы контекст жағдайларындағы жұмыс істеу принциптерін;

      3) стратегиялық басқарудағы көшбасшылық тұжырымдарын;

      4) басқарудың қазіргі амалдары;

      5) менеджменттің аналитикалық әдістері, диагностиканың, талдау мен мәселені шешу әдістері, сондай-ақ тәжірибедегі шешім қабылдау және оны іске асыру әдістері;

      6) бизнестің жаһандану мағынасын;

      7) бизнестің проблемалық аспектілеріне талдау жасау және шешімдерін іздестіру;

      8) сыртқы ортаның әсерін білу және оны басқарудың тәжірибелік мәселелерін шешу кезінде ескеру;

      9) теорияның, қазіргі кездегі зерттеулер мен тәжірибе талаптарынан шығатын менеджменттің әр түрлі функционалды аспектілерін интеграциялау;

      10) компанияны басқарудағы мәселелерді шешуге маркетингілік және қаржылық әдістерді қолдану;

      11) халықаралық ортада бәсекелестік ұстаныммен бизнесті жүргізу мен басқару мәселелерін қарау.

5. МВА білім беру бағдарламасын меңгергендігін
куәландыратын құжаттар

      23. МВА бағдарламасы бойынша оқуды бітірген тұлғаларға "Іскерлік Әкімшілік Магистрі" академиялық дәрежесімен мемлекеттік үлгідегі диплом және жұмыс оқу жоспары бойынша оқыған пәндерінің бағалары мен игерілген кредиттер сандарының тізбесі көрсетілген дипломға (транскрипт) қосымша беріледі.

  МВА кәсіптік білім беру
бағдарламасы шеңберінде мамандарды
даярлау мазмұны мен деңгейіне
қойылатын ең төменгі
талаптарға 1-ші қосымша

МВА және Executive МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы

Блоктар мен пәндердің атауы

МВА кредитінің көлемі

ЕМВА кредитінің көлемі

1

Кәсіптік біліктілікті қалыптастыратын пәндер блогы

33

26

1)

Міндетті компонент:

4

4


Стратегиялық менеджмент

2

2


Бизнес-зерттеу

2

2

2)

Элективті компонент

29

22


Көшпелі модуль/Шетелде тәжірибеден өту*

-

-

2

Тұлға ретінде даму мен жетекшілік қасиеттер пәндерінің блогы

7

7

1)

Көшпелі модуль/Шетелде тәжірибе*



3

Экспериментті-зерттеулік жұмыс, магистрлік диссертация/жобаның орындалуы

3

3


Өндірістік тәжірибе**

2*** кем емес


4

Қорытынды аттестация (кешенді емтихан және магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау)

2

2


Барлығы

45

38

Ескерту

*Көшпелі модуль немесе шетелде тәжірибеден өту мен кредиттер саны элективті компонентке кіреді.

**Тәжірибе өндірістен қол үзіп оқитын магистранттар үшін қарастырылған

***Тәжірибеге бөлінген кредиттер саны жалпы еңбек ауқымдылығына кірмейді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2014 жылғы 24 қазандағы
№ 441 бұйрығына
2-қосымша

DBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандарды даярлаудың ең төменгі мазмұны мен деңгейіне қойылатын талаптар
1. Жалпы ереже

      1. Осы DBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандарды даярлаудың ең төменгі мазмұны мен деңгейіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) іскерлік әкімшілік докторларын дайындау білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – DBA бағдарламасы) мазмұны мен докторантура бітірушілерін дайындау деңгейінің жалпы әдістемелерін белгілейді.

      2. Талаптар жоғары білім беру саласында халықаралық құжаттармен үйлестірілген. "ECTS қолданушының басшылығы" (ECTS Users, Guide); ECTS бағдарламасының ұсыныстары; European Quality Link (EQUAL) "European MBA Guidelines" ұсыныстары; АМВА (Association of MBAs, Ұлыбритания) халықаралық ұйымының DВА бағдарламалары аккредитациясының өлшемдері.

      3. Талаптарды олардың ведомстволық бағынушылығына, ұйымдық-құқықтық түрі мен оқу түріне қарамастан, DВА бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды іске асыратын жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) қолдануы мен сақтауы міндетті.

      4. Оларға қосымша ретінде келесі терминдер мен анықтамалар берілді:

      1) бизнес-білім беру – мекемені басқаруға қатысатын және басқару міндеттерінің кешенді және функционалдыаралық сипаттағы жағдайында өздігінен шешім қабылдай алатын жоғары және орта топтардың жетекші-менеджерлерін дайындау жөніндегі ағартушылық қызмет;

      2) көшпелі модуль – докторанттардың DВА білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін шетелдік жоғары оқу орындарына, оның ішінде ЖОО-серіктестерге шығу арқылы меңгеруі;

      3) оқудың модулдық форматы – белгілі бір уақыт кезеңінде меңгерілген, білімді бақылаудың тиісті формасымен аяқталатын бір немесе бірнеше пәндерді қоса алғандағы оқу бағдарламасы мазмұнының логикалық аяқталған түрі;

      4) іскери әкімшілік докторы: DВА бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;

      5) DBA докторантурасының бағдарламасы – DВА бағдарламасы басқаруда үлкен тәжірибесі бар, заманауи тұжырымдамалар менеджмент моделдерін терең меңгеруге және дамытуға, өзінің тәжірибесін жинақтауға және бизнес саласында сұранысқа ие жаңа қолданбалы ғылыми зерттеулер мен консалтинг (кеңес беру) жүргізуге мүдделі жоғары топтың менеджерлеріне арналған;

      6) DBA докторлық диссертациясы: Теориялық ережесі өңделген, жаңа ғылыми жетістік ретінде мамандандырылған, ғылыми мәселелері шешілген, әлеуметтік-экономикалық мағынасы бар, немесе ғылыми-дәйекті экономикалық және басқаратын шешімдері мазмұндалған, өздігінен жүргізген зерттеуі бизнес орта мен тұтастай алғанда еліміз экономикасының дамуына қомақты үлес әкелетін ғылыми-зерттеу жұмысы.

2. DВА білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнына
қойылатын талаптар

      5. DВА білім беру бағдарламасы ведомстволық бағынушылығы мен жекеменшік түріне қарамастан білім беру қызметін жүргізуге құқықтық лицензиясы және докторантураның "Іскерлік Әкімшілік" мамандығы бойынша лицензиясы бар ЖОО-да іске асырылады.

      6. ЖОО бағдарламаның өзіндік ерекшелігін, докторанттар тобының сипатамасын және олардың алған білімнің қорытынды нәтижелерін, сондай-ақ басқа да мақсатты бағдарларын ескеретін DВА бағдарламасының миссиясын жасайды.

      7. Оқыту нысаны мен технологиясын ЖОО дербес анықтайды.

      8. DВА білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы 3 жылдан кем емес.

      9. DВА бағдарламасының құрылымы екі бірдей: ұйымдастыру және ғылыми компоненттен тұрады.

      10. DВА докторантурасының білім беру бағдарламасы әр түрлі жұмыс түрлерінен және сонымен қатар:

      1) теориялық оқытудан;

      2) докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеулік жұмыстан;

      3) қорытынды аттестациядан тұрады.

      11. Оқу және ғылыми жұмыстардың еңбек сыйымдылығы меңгерілген кредиттер санымен өлшенеді. Таңдау пәндер тізбесі және кредиттер көлемі жұмыс берушінің және еңбек нарығының талаптарына сәйкес ЖОО-ның өздігінен бекітіледі.

      12. DВА бағдарламасының мазмұны 1-ші қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      13. DВА білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми жарияланымдар және докторлық диссертацияны жазу арқылы қалыптасады.

      14. Докторанттың зерттеуінің нәтижелері кемінде 7 (жетеу) ғылыми басылымда, журналда, оның ішінде кемінде 3 (үшеуі) халықаралық ғылыми конференцияларда ұсынылған алыс шетелдік ғылыми басылымда жарияланады.

      15. Іскерлік әкімшілік докторларын дайындау деңгейіне қойылатын талаптар білім беру бағдарламаларының мазмұнымен белгіленеді. DВА бағдарламасын іске асырушы ЖОО, белгіленген тәртіппен оқу жоспарларын, сондай-ақ оқу пәндерінің бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

      16. DВА білім беру бағдарламасының мазмұны қазақстандық бизнес пен менеджменттің ерекшеліктері мен қалыптасқан ұстанымдарын, халықаралық бизнес пен шетелдік басқару тәжірибесін оқуды ескере отырып әзірленеді.

      17. DВА бағдарламасы докторанттардың сонымен бірге қолданбалы сипаттағы сабақтарға: компьютерлік, іскерлік ойындарға, нақты жәйттарды талдауға, психологиялық және басқа тренингтер мен консультацияларға, менеджерлер дағдысын дамыту мақсатындағы қолданбалы жобалардың қорытындыларын талқылауға қатысуын қарастырады.

      18. DВА бағдарламасы бойынша докторанттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар.

      Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы:

      1) DВА бағдарламасы кәсіби мамандығына сәйкес келуі;

      2) өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік мәнділігінің болуы;

      3) ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

      4) компьютерлік технологияларды қолдана отырып, берілген мәліметтерді талдауда өңдеудің жаңа әдістерімен негізделуі;

      5) ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

      6) негізгі қорғалатын ереженің ғылыми-зерттеу (әдістемелік, тәжірибелік) тарауларының болуы тиіс.

      19. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін докторант әрбір кезеңнің соңында аралық есеп түрінде ресімдейді.

      20. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша докторанттар докторлық диссертацияны дайындайды.

      21. DВА бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілікті басқару, консалтинг жұмыстарында тәжірибесі бар, DВА академиялық дәрежесіне ие немесе ғылыми-зерттеулік/академиялық тәжірибесі бар ғылым докторлары/ғылым кандидаттары арасынан сайланған 2 консультант арқылы іске асырылады.

3. DВА білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау
шарттарына қойылатын талаптар

      22. DВА бағдарламасы ЖОО-да ғылым докторы, кандидаты деген ғылыми атағы немесе халықаралық тәжірибесі және жарияланымдары, кәсіптік білімі мен дағдылары бар тұлғалар арқылы іске асырылады.

      23. Кадрмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) DBA, PhD дәрежелерінің болуы/оқытушылық құрамның ғылым кандитаты/ғылым докторы ғылыми дәрежесінің 90% кем болмауы;

      2) бизнестегі тәжірибелік қызметінің өтілі 7 жылдан кем емес оқытушылар 25%;

      3) оқытушы құрамының 40% шетелдік оқытушылар/шетелде тәжірибеден өткен немесе оқыған, бизнесті дамыту саласында фундаментальді, қолданбалы зерттеу жасағандар.

      DВА бағдарламасын іске асыру кезінде жетекші бизнесмендермен және менеджер-практиктермен, ғылыми сарапшылар және консультанттармен, оның ішінде DВА бағдарламасын ойдағыдай меңгерген тұлғалармен іскери тәжірибенің, ғылыми білім мен кері байланыспен қамту талаптарын ескеру мақсатында тиімді өзара әрекет жасалады.

      24. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету талаптары:

      Оқу үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету білім беру бағдарламасын сапалы меңгеру мүмкіндігіне кепілдік береді. DВА бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, әдістемелік құралдар мен сабақ беретін пәндерінің, сонымен қатар диссертациялық жұмыстарының зерттемелеріне еркін кіруді қамтамасыз етеді.

      25. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету талаптары.

      DВА бағдарламасын іске асыратын ЖОО-ның қолданыстағы санитарлы-техникалық нормаларға сай, оқу жоспарында қарастырылған теориялық және практикалық дайындықтардың барлық түрін жүргізуге, сондай-ақ докторанттың тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын тиімді орындауына қолайлы (аудитория қоры, компьютерлік сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықтар, қор материалдары, қашықтықтан оқыту технологиялары) материалдық-техникалық базасы болуы қажет.

4. DВА бағдарламасын ойдағыдай меңгерген тұлғаларды дайындау
дәрежесіне қойылатын талаптар

      26. DВА бағдарламасын ойдағыдай меңгерген және соған лайықты диплом алған докторанттар:

      1) ұйымдастырудың жүйелі әдістемесін білу, басқару мен менеджменттің аналитикалық заманауи әдістерін, диагностиканың, талдаудың әдістері мен проблемаларды шеше білу, сондай-ақ шешім қабылдаудың әдістерін білумен қатар және оларды тәжірибеде іске асыра білуі;

      2) менеджменттің практикалық мәселелерін кәсіби біліктілікпен шешуі және ол шешімдерді өмірде іске асыру, басқарудың функцияларын орындауға дайын болуы және кәсіби проблемаларды тұтастай ұжымның мүддесіне шеше білуі;

      3) басқару лауазымымен айналысуға лайықты және нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, міндеттері мен мемлекеттің экономикалық рөлін, экологиялық проблемаларды түсінуі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін мойындау және оны жүргізудің өркениетті этикалық нормаларын ұстануға қажетті білімді, шеберлік пен дағдыларды білуі тиіс;

      4) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары мен заманауи проблемаларына баға бере білу, әлемдік экономика мен жаһанданудағы дамудың қазіргі ағымдарын түсіну, халықаралық бәсекелестік мәселелерін бағдарлай білуі тиіс.

      27. DВА бағдарламасын менеджмент саласында ойдағыдай меңгерген докторанттар:

      1) бизнестің мәні мен ұжымды стратегиялық басқаруды түсіну, ұжымның миссиясы мен мақсатын анықтау, оның бәсекелестік ортадағы мықты және әлсіз жақтарын талдай білу, осы негізде ұжымның стратегиясын жасауы;

      2) менеджменттің қазіргі заманғы аналитикалық құралдарын, ұйымдастырудың жүйелі әдісінің әдіснамасын, талдау мен мәселені шешу әдістерін, сондай-ақ шешім қабылдай білу мен практикада оны іске асыру әдістерін игере білуі;

      3) мекеме қызметінің ұжымдық құрылымын, баламалық стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, қызметтің ішкі және сыртқы жағдайларын жасау, қызметкерлер өкілеттілігі мен жауапкершілігін белгілеуді, бизнес-үдерістерді талдау мен жоспарлауды іске асыруды жетілдіруі;

      4) мекемедегі адами ресурстарды тиімді басқаруға арналған білімі мен дағдысының болуы, өзінің жетекшілік дағдыларын дамытуға, дауларды басқаруда ұстанымдары мен әдістерінің болуы, ұйымдық құрылымды қалыптастыра білуі;

      5) стратегиялық, ағымдық жүйелерді әзірлеу, шұғыл жоспарлау мен бақылауды, қызметтің әр түрлі саласында басқару операцияларының ұстанымдары мен қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, сапалы басқару жүйесінің тұжырымдамасын, принциптері мен әдістерін білуі;

      6) өз уақытында ұйымдастыра білу, топтармен жұмыс істеуге қабілетті, тиімді қарым-қатынастарды, іскери хат алмасуды іске асыру, келіссөздер жүргізуде тұсаукесер жасау өнерін білуі, іскери этикетті меңгеруі тиіс.

      28. DВА бағдарламасын маркетинг саласында ойдағыдай меңгерген докторанттар:

      1) маркетингтік іс-шаралар мен мекеменің құрылымын ұштастыра білуді, сондай-ақ маркетингтік қызметті ұйымдастыру, оны тиімді бақылауды іске асыру, маркетинг саласында ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) нарық пен нарықтық конъюнктураның анализдеріне қажетті біліктілігінің болуы, тұтынушылардың мінез-құлқын білуі, сатылымды және тиімді тауар айналымын ұйымдастыру, нарықта тауардың алға ілгерілеуін, өнімдерді тарату желілерін қалыптастыру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалай білу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу;

      3) жарнаманы, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану, фирма мен оның тауарлары жайлы қоғамның оң пікірін қалыптастыруға арналған, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауардың маркасын нығайту мақсатында PR-шараларды пайдалана білуі тиіс.

      29. DВА бағдарламасын қаржы саласында ойдағыдай меңгерген докторанттар:

      1) фирманың қаржылық мақсаттары мен құрылымын қалыптастыра білу, өндірістің шығындарын басқару тұрғысынан бағалау, мекеме қызметін макро және микроэкономикалық факторлармен ұштастыру;

      2) мекеменің қаржылық білімдерін меңгеру және қаржылық менеджмент құралдарын билеу, баланстың тиімді құрылымын анықтай білу, мекеменің мүддесіне сай қаржы жұмсаудың негізгі бағыттарын белгілеу, мекеме активтері мен пассивтерінің ең таңдаулы құрылымын қалыптастыру, қаржы нәтижелерінің динамикасын реттеп отыру;

      3) инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру, инвестициялық жобаларды талдау мен таңдауды, қаржы легін іске асыру, олардың қызмет барысындағы тәжірибеге енгізілуін ұйымдастыру;

      4) айналымдағы қаржыларды және мекеменің қысқамерзімді міндеттерін кешенді шұғыл басқаруға арналған білімі мен дағдысының болуы, қызметтің қаржылық нәтижелеріне олардың ықпалы тұрғысынан мекеменің қаржылық резервтерін бағалай білуі тиіс.

      30. DВА бағдарламасын қаржылық және басқару есебі саласында ойдағыдай меңгерген докторанттар:

      1) бухгалтерлік есептік білім негізінде басқарудың әдістерін, шешім қабылдауға арналған басқару есебін пайдалана және оны құра білу, шығындарды есепке алу және бақылау;

      2) қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит және салық саласының заңдарын білуі;

      3) есептік-аналитикалық, бақылау-ревизиялық, аудиторлық және консалтинг жұмыстарының дағдыларын білуі;

      4) компанияның қаржылық диагностикасының әдістемесін және басқару тапсырмаларын шешу кезінде оның шешімдерін пайдалану дағдыларын білуі тиіс.

5. DВА бағдарламасын меңгергендігін куәландыратын құжаттар

      31. DВА бағдарламасы бойынша оқуды бітірген тұлғаларға "Іскерлік Әкімшілік Докторы" дәрежесімен мемлекеттік үлгідегі диплом және оқу жұмыс жоспары бойынша оқыған пәндерінің бағалары мен игерілген кредиттер сандарының тізбесі көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.

  DBA кәсіптік білім беру бағдарламасы
шеңберінде мамандарды даярлау мазмұны
мен деңгейіне қойылатын ең төменгі
талаптарына 1-ші қосымша

DВА бағдарламасының мазмұны

Блоктар мен пәндердің атауы

кредит көлемі

1

Кәсіптік біліктілікті қалыптастыратын пәндер блогы

24

1.1

Міндетті компонент:

3


Зерттеу әдістемесі

3

1.2

Элективті компонент

21


Көшпелі модуль*/ Шетелде тәжірибеден өту*

4*

2

Тұлға ретінде даму мен жетекшілік қасиеттер пәндерінің блогы

6


Элективті компонент

6

3

Докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеулік жұмыс

24

4

Қорытынды аттестация (кешенді емтихан және докторлық диссертацияны қорғау)

6

4.1

Кешенді емтихан (КЭ)

1

4.2

Докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғау (ДҚ)

5


Барлығы

60 кем емес


Ескерту

* Көшпелі модуль мен тәжірибеден өтудің кредиттер саны элективті компонентке кіреді