"Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-6 шешіміне өзгеріс

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 34-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде № 2272 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 55-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6 – бабының 2 – 3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 5 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7 тармағындағы "50 000" сандар "100 000" сандармен ауыстырылсын, "(елу мың)" сөздері "(жүз мың)" сөздерімен ауыстырылсын;

      8 және 9 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бір рет әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша:

      - туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға, амбулаториялық ем алушыларға 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде көрсетіледі.

      9. Өтініші бойынша бір рет әлеуметтік көмек:

      - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде көрсетіледі;

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Е. Ә. Имаммырзаев Ж. Әсемов