"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 583 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 желтоқсанда № 10034 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      65-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның хатының негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
      1) құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген;
      2) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;
      3) Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізген;
      4) аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменің қызмет көрсетілу орны өзгерген;
      5) шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;
      6) ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдағанда;
      7) секвестрде жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 183-1-тармақпен толықтырылсын:
      «183-1. Секвестр салдарынан және/немесе тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде туындаған есепті жылдың азаматтық-құқықтық мәмілелері бойынша мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалары бойынша кредиторлық берешекті өтеу келесi қаржы жылында бөлiнген қаражат есебінен жүргізіледі.»;
      303-тармақта:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджеттi нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезiнде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшiн төмен тұрған бюджеттер белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттi нақтылауды (түзетудi) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының тиiстi кодынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етедi.»;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджеттi секвестрлеу кезiнде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қамтамасыз етедi.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
 
 

      Қаржы министрі
 
            «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2014 жылғы «____» ___________
 
            «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      ________________ Қ. Келімбетов
      2014 жылғы «____» __________

Б. Сұлтанов