"Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9900 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 8265 тіркелген, 2013 жылғы 16 наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 97-98 (27371-27372)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ж-1 нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б.Сұлтанов

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2014 жылғы 27 қазандағы № 458
бұйрығына қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 562 бұйрығына     
50-қосымша        

Ж-1 нысаны

     ЖСН/БСН 



Тапсырыс беруші __________________________________________________
        толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер
Орындаушы ________________________________________________________
       толық атауы, мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер

Шарт (келісімшарт)______________№__________ «__»____________20__ж.

Құжат нөмірі

Жасалған күні



ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ (КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ)
АКТІЛЕРІ *

Рет бойынша нөмірі

Жұмыстардың (қызметтердің) атауы (техникалық ерекшеліктеріне, тапсырмаға, жұмысты орындау кестесіне сәйкес кiшi түрлерінің бөлінісінде болған жағдайда)

Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні**

Маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестік және өзге де қызметтер жайлы есептің болуы туралы мәліметтер (күні, нөмірі, парақтар саны)***

Өлшем бірлігі

Жұмыстар орындалды (қызметтер көрсетілді)

саны

бірлік үшін бағасы

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8













Жиыны


х


Тапсырыс берушіден алынған қорлар туралы мәліметтер ______________
                                                  атауы, саны, құны
Қосымша: _______________________________ құжаттамалар тізбесі, оның
ішінде маркетингтік, ғылымдық зерттеулер, кеңестік және өзге де
қызметтер жайлы есептер (олар болған жағдайда міндетті) ____ парақта
Тапсырған (Орындаушы)___________/________________/______________
Қабылдаған (Тапсырыс беруші)_________/___________/______________
лауазымы қолы қолды таратып жазу лауазымы қолы қолды таратып жазу

М.О.
Жұмыстарға (қызметтерге) қол қойған (қабылдаған) күні __________
М.О.

      * Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, жұмыстарды (қызмет
көрсетулерді) өткізу - қабылдап алу үшін қолданылады.
      ** Егер орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) күні
әртүрлі кезеңдерінде түсетін жағдайда, сондай-ақ егер жұмыстарды
(қызметтерді) орындау күні, қол қою (қабылдау) күні әртүрлі болған
жағдайда толтырылады.
      *** Ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және басқа
қызметтер туралы есеп болған жағдайда толтырылады.