Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 242 (26303) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:
179-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"партиялық жарналарды төлеуге: 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3248 "Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
кәсіподақтық мүшелік жарналарды төлеуге: 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3245 "Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |