Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 191 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 қыркүйекте № 4017 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3772 тіркелген, 2014 жылғы 4 және 13 ақпандағы "Ойыл" газетінің № 5-6 жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
      1) 7 тармақта:
      10 абзацта:
      "азаматтарға." деген сөз "азаматтарға;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      және мынадай мазмұндағы 11 абзацпен толықтырылсын:
      үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға.
      2) 8 тармақта:
      "төртеселік" деген сөз "бір еселік" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Ж. Жақып
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Б. Бисекенов