Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін облыстың коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 148 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 маусымда № 3918 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.01.2016 № 5 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауында және бүкіл мәтін бойынша "Ақтөбе облысының коммуналдық мүлкін" деген сөздер "облыстың коммуналдық мүлкін" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 23.02.2015 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берілетін облыстың коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау қағидалары бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде осы қаулының орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. К. Кемаловаға жүктелсін.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 23.02.2015 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Ақтөбе облысының әкімдігінің
2014 жылғы 14 мамырдағы
№ 148 қаулысымен бекітілген

Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берілетін облыстың коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау Қағидалары

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы, тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемінің есебі келесі формуламен жүзеге асырылады:
      Жа = С х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 х К6 х S;
      бұнда:
      Жа – жылжымайтын мүлік объектісін пайдаланғаны үшін жылына жалдау ақысының ставкасы;
      С – облыстың коммуналдық мүлкі үшін жалдау төлемінің базалық ставкасы Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне тең қабылданады.
      К1 – құрылым түрін ескеретін коэффициент;
      К2 – инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін коэффициент;
      К3 – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      К4 – жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
      К5 – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын ескеретін коэффициент;
      К6 – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      S – жалға алынып отырған алаң, шаршы метр.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 23.02.2015 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының жалдау төлемінің ставкаларын есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

№ р/с
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылым түрін ескеретін К1 коэффициенті:
 
 
әкімшілік
1,0
 
қоймалық, гараждық, қазандық және басқа құрылыстары
0,8
2
Инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін К2 коэффициенті:
 
 
барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар объектілер үшін;
қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді
2,0
 
білім мекемелерінің барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар объектілер үшін;
қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді
1,0
3
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін К3 коэффициенті:
 
 
ғимарат немесе ғимараттағы үй-жай
1,0
 
ғимараттың цокольдік қабаты немесе жартылай жертөле
0,9
 
жертөле үй-жайы
0,5
4
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін К4коэффициенті:
 
 
сауда-коммерциялық және жабдықтаушы-өткізу қызметі (өндірістік, азық-түліктік және аралас тауарлар, дәріхана және дәріханалық пункттер); банктік қызметтер; полиграфиялық қызметтер; брокерлік қызмет; сақтандыру және инвестициялық компаниялар; нотариалдық және адвокаттық кеңселер
2,0
 
коммуникациялық қызметтер, оның ішінде: байланыс қызметтері, автоматтандырылған телефон станциялары, почталар
0,7
 
қызметтер көрсету:
тұрмыстық және мәдени-демалыс қызметтері, тренажер залдары, фитнес-клубтар, техникалық қызметтер көрсету станциялары, шеберханалар
2,0
 
қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет: дәмхана, мейрамханалар
3,0
 
буфеттер мен асханалар
2,0
 
білім мекемелеріндегі буфет пен асханалар
0,5
 
білім (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет көрсету
1,0
 
өндірістік қызмет
1,0
 
гараждар ретіндегі үй-жайлар, қойма, сақтау камералары
2,0
 
өзге де қызмет түрлері
1,0
5
Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін К5 коэффициенті:
 
 
жеке меншік нысанындағы құрылымдарға арналған (серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, ұлттық компаниялар)
2,0
 
акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздарын және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан кірістердің кем дегенде 90 пайызын алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер), егерде акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, мемлекеттік орган жазбаша растаған жағдайда
1,0
 
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар үшін
1,0
 
сауда-саттық қызметті есептемегенде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп қызметін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін
1,0
6.
Аумақтық орналасуын ескеретін К6 коэффициенті:
 
 
Ақтөбе қаласы
2,0
 
аудандық орталықтар
1,0
 
кент, ауыл
0,5

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 17.10.2014 № 367 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жа = С х Nam /100 х Кп
      бұнда:
      Жа – жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды бір жылға жалдау төлемінің мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде 100 пайызға тозығын есептеумен қалдық құны алғашқы (жаңадан құрылған) құнынан 10 пайыз көлемінде қолданылады.
      Nam – Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизациялаудың деңгейлі нормалары;
      Кт – төмендететін коэффициент (жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа тұтынылмайтын заттар сексен пайызға тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сату-сатып алу (делдалдық) қызметтен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін берілген кезде – 0,5 мөлшерде).